Құрметті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің білім алушылары мен қызметкерлері!
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім 2023-2024 оқу жылына білім
алушыларға оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдік беру туралы мәселе
қарастырылатын әлеуметтік комиссияға құжаттарды қабылдау басталғаны
туралы хабарлайды.
«Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережеде»
белгіленген критерийлері бар келісім-шарт негізінде оқитын білім
алушыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Құжаттарды тапсыру барысында
университет сайтындағы «студенттерге» бөліміндегі Ережемен танысу
қажет.
Құжаттарды қабылдау 4 корпуста (Төле би көшесі 88), 217, 220
кабинеттерде 2023 жылдың 22 қыркүйегіне дейін жұмыс күндері сағат
18:00-ге дейін жүзеге асырылады.