Құрметті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің білім алушылары мен қызметкерлері
Әлеуметтік жұмыс бөлімі 2024-2025 оқу жылына білім
алушыларға оқу ақысын төлеуге материалдық көмек беру туралы әлеуметтік комиссия отырысына құжаттарды қабылдау басталғанан хабарлайды.
Әлеуметтік көмек Басқарманың 24.05.2024 жылғы шешімімен бекітілген Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережеге сәйкес әлеуметтік критерийі бар келісім-шарт негізінде оқитын білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттар Төле би 88, 4 корпус, 217
кабинетте 2024 жылдың 27 қыркүйегіне дейін қабылданады. Қабылдау уақыты: 9.00-17.30, түскі ас 12.30-14.00.