Құрметті Университет жұмыскерлері, профессорлық-оқытушылық құрам және білім алушылар!
Ректордың 05.07.2019 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген 2019-2020 жылдарға арналған «ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру бойынша негізгі іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес кері байланысты ұйымдастыру үшін № 1-ші әкімшілік корпустың (ректорат) орталық кіреберісінде «Ректорға сұрақ» шағым жолдауға арналған пошта жәшігі бар екенін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар, жемқорлық құқықбұзушылық пен алаяқтық, этикалық және құқықтық мәдениет, сондай-ақ парасаттылық нормаларын бұзушылық фактілері бойынша мына телефондар бойынша Университет комплаенс-офицері Төлетаев Болатбек Сүлейманұлына хабарласуға болады: 338-70-90 (ішк.70-88) немесе сот.: 8-707 97 97 097.