ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ЖҰМЫС МӘЖІЛІСІ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ЖҰМЫС МӘЖІЛІСІ
2015 жылдың 15 желтоқсанында Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті 2015-2016 оқу жылында «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ құрылымдық бөлімшелерінің өзін-өзі басқару жүйесі арқылы қызметін оңтайландыру» жобасына қатысушы құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен жұмыс мәжілісін өткізді. Жұмыс мәжілісіне ОӘЖД директоры М.А. Абирова, оқу департаменттерінің директорлары, кафедра меңгерушілері және модуль жетекшілері қатысты-барлығы 37 адам.
Мәжіліс барысында 2014-2015 оқу жылында жобаны жүзеге асыруға қатысқан құрылымдық бөлімшелердің тәжірибесі, сонымен қатар жүзеге асыру барысында туындаған мәселелері талқыланды.
Жұмыс мәжілісінің қорытындысы бойынша, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне, 2015 жылдың 20 желтоқсанына дейін кафедра/модуль ұжымымен жобаның жүзеге асырылуының негізгі ережелерін талқылау, регламентті оңтайландыру бойынша ұсыныстар беру және құрылымдық бөлімшенің өзін-өзі басқару бойынша Кеңесін құру тапсырылды.