Құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі ретінде
Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының, эпидемиология, нутрициология және қоғамдық денсаулық кафедрасының эдвайзерлерінің, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен « Құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі ретінде» тақырыбында Қоғамдық денсаулық сақтау және Жалпы медицина 2 курс студенттеріне арналған «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.
Декан Қ.Б. Кәрибаев пен Ғылыми кітапхана жетекшісі Н. А. Модововтың сөйлеген кездерінде жоғары оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қарсы тұру мен өткізудегі жоғары құқықтық мәдениеттің рөлі мен маңыздылығын атап өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері Есқуатов Қуат және Жеңіс Мира баяндамалары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және ҚазҰМУ-де жүргізіліп жатқан академиялық адалдық саясатының негізгі қағидаттарына, студенттердің академиялық адалдықты бұзғаны үшін алдын алу шаралы мен жауапкершілікке арналған. Қатысушылар сонымен қатар Жақсылық Иман сөздерін қызығушылықпен тыңдады.
Университет студенттері ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының анықтамалық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі С.А. Елеукенова ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық кітап көрмесімен танысты.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттер жүлделермен марапатталды, әлеуметтік-тәрбие жұмысы бөлім маманы А.Т. Махамбетов ҚазҰМУ-дың оларды Қазақстанның білімді маманы және сауатты азаматы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
Қорытындылай келе, эпидемиология кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты Ж. Б. Бейсенбинова жоғары құқықтық мәдениет қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты екенін атап өтті.
Модераторлар: Бейсенбинова Ж. Б., Қожахметова А. Н., Ұйымдастырушылар: Рамазанова М.А., Алимханова К. Н., Темірбаева Л. Ж., Бейсембинова Н. О., Ерешбаева Р. Б. Салима Ахметризаевна.