Үлкен медициналық бауырластық – ҚазҰМУ түлектер күнін атап өтті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті алғаш ҚазҰМУ түлектерінің Съездін өткізді. Университетте ауқымды мерекелік шара өткізілді, оларға Қазақстанның үздік дәрігерлерінің Альма-матері, еліміздің ең көне медициналық университетінің 1000 астам түлектері қатысты.
Салтанатты мереке «Конкордия» театрында ұйымдастырылды. Одан әрі Съезд кампус аумағында жалғасын тапты, түлектер алдында қазақ эстрадасының әртістері, университеттің талантты студенттері мен оркестрі өнер көрсетті.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов өз сөзінде Қазақ ұлтық медицина университетінің негізін қалаушы Санжар Асфендияров өзі салған жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті қамтитын дәстүрлер университеттің әлі күнге келбеті іспеттес екенін атап өтті.
«ҚазҰМУ түлектері – үлкен медициналық бауырластық, уақыттар байланысы, ғалымдар мен оқытушылардың энергиясы. 2022 жылдың жас түлектері бүгін өз ұстаздары мен алдыңғы жылдардың түлектеріне құрмет көрсеткені осының айғағы сынды. Біз бүгінгі іс-шараның ұрпақтар сабақтастығын мақсат тұтқанын көріп отырмыз. Біз түрлі маманданым бойынша 100 мыңнан астам дәрігерлерді дайындадық, олардың әрқайсысы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты. Біздің Университеттің жетістіктеріне көз жүгіртсек, бүгінде біз тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде де бүкіл медициналық қоғамдастықтың мойындауына ие болған жоғары деңгейдегі бренд екенімізді сеніммен айтуға болады. Бұл біздің QS World Univerisy Rankings халықаралық рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша университетіміздің әлемнің 700 үздік университеттерінің қатарына қосылуымен дәлелденеді. Біздің университеттен білім алуға 22 елдің студенттері ұмтылатыны кездейсоқ емес – дәлелі білім алып жатқан 2500 шетелдік студент. Бұл көрсеткіш бойынша QS World Univerisy Rankings рейтингінде медициналық бейіндегі барлық университеттерден озып, сөзсіз көшбасшы болып табылады», – деді Марат Шоранов.
Ол түлектер күні медицина ғылымының қайраткерлерін еске алу маңызды екенін атап өтті: Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Абдрахманов Жаналық Ниязұлын, ҚазҰМУ ректоры, профессор Ақанов Айқан Ақанұлын, денсаулық сақтаудың бірінші министрі Аманбаев Ақсултан Аманбайұлы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Атчабаров Бахия Атчабарұлы, медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Ахметов Қырым Кәмиғалиұлын, еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Байгенжин Абай Қабатайұлын, Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы Девятко Василий Николаевич, академик, медицина ғылымдарының докторы Жарбосынов Бейнеш Оразұлы, медицина ғылымдарының докторы Дүйсекеев Амангелді Дүйсекеұлы, академик Крыжановский Георгий Николаевич, академик Ормантаев Камал Саруарұлы, фармацевтика ғылымдарының докторы Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы және әрине, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, біздің құрметті Денсаулық сақтау министрі Шарманов Төрегелді Шарманұлы, академик Алчинбаев Мирзакарим Каримович және басқалар.
«Дәл осы есімдердің арқасында соңғы тоқсан жылда университетімізде елімізден тыс жерлерге де белгілі жеке ғылыми мектептер құрылды. Бүгін біз заман ағымымен, жоғары білім берудің, медицина ғылымы мен практиканың классикалық дәстүрлерін заманауи ғылыми прогрестің жетістіктерімен үйлестіретін білім беру процесін жетілдіре отырып, осы салтанатты іс-шараны маңызды инновациялық жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Біздің басты міндетіміз – отандық денсаулық сақтаудың тірегі болып табылатын қазақстандық медицинаның элитасы болатын дәрігерлерді тәрбиелеу.
Бұл мемлекет Басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының медицина қызметкері күнімен құттықтауындағы Ұлт денсаулығы біздің жаңа әділетті Қазақстанды құруға бағытталған мемлекеттік саясатымыздың маңызды бағыты деп мәлімдеген ұстанымына тұтас әрі толық сәйкес келеді. Мемлекет медицина қызметкерлерін одан әрі жан-жақты қолдап, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударатын болады. Біздің түлектеріміз алдағы уақытта да ел басшылығы алға қойған барлық міндеттерді лайықты орындайтынына нық сенімдімін. Құрметті достар, сіздерге отандық денсаулық сақтау саласының игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар, жаңа жетістіктер тілеймін», – деді Марат Шоранов.
Мерекелеу аясында салтанатты түрде түлектер шеруі, «ҚазҰМУ үздік түлегі 2022», «ҚазҰМУ мақтанышы» номинацияларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, ҚазҰМУ жас талантты студенттерінің жұмыстарының аукционы өтті.
Түлектер шеруіне университеттің ең танымал түлектері қатысты
Биыл университеттің шаңырағының астында өткен жылдар мен биылғы 2022 жылдың барлық факультеттерінің түлектері кездесті. «ҚазҰМУ Түлектер күні» жобасы алғаш рет жүзеге асырылуда және ұрпақтар сабақтастығын мақсат тұтады.