Үздік ұраны және стендтік үштілділік конкурс өтті
Үштілділік бойынша іс-шара
Университеттегі үштілділік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 18-22 қаңтар аралығында кәсіби тілдерді дамыту кафедрасы 4 курс студенттері арасында ең үздік қабырға газеттері және ұран сөздер әзірлеу бойынша байқау ұйымдастырылды. Мазмұны, тақырыпқа сәйкестігі, эстетикалық,сауаттылық, креативтілігі бағаланды. Байқау талаптары бойынша қабылданған жұмыстардың барлығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде рәсімделді. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған қабырға газеті стоматология факультеті 12-4-1 тобының студенттері және фармацевтикалық өндіріс технологиялсы факультеті 12-2-1 тобының студенттері танылды. Ал ең үздік ұран сөздерді «Learn three languages at least and you will be the best specialist!», «Learn three languages every day And everything will be OK!» фармацевтикалық өндіріс технологиялсы факультеті 12-1-1; 12-1-2 тобы деп танылып мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.