«Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті » коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды.
Лауазымның атауы: Басқарма төрағасы
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 125.
Есептілігі: Директорлар кеңесіне
Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Акушерлік, гинекология және перинатология саласындағы медициналық ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Ана және перинаталды өлімнің талдауын жүргізу, акушерлік мекемелерге акушерлік, гинекология және перинатология мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек және кеңес беру;
- Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша нормативтік-құқықтық және құқықтық құжаттар, бұйрықтар, халықаралық бағдарламалар әзірлеу;
- Әйелдер мен жасөспірім қыздардың репродуктивтік және пострепродуктивтк денсаулығын қорғау бағытында жоғары технологиялық емдеу, стационарлық және поликлиникалық көмек көрсету;
- «Акушерлік және гинекология», «медициналық генетика» мамандықтары бойынша жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, акушерлік мекемелерде жұмыс істейтін акушер-гинекологтардың, неоанатологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың, медициналық генетиктердің, ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен терапевтердің, патоморфологтардың біліктілігін арттыру және резидентура арқылы жоғары білікті мамандар даярлау;
- Акушерлік, гинекология және перинатология саласында ғылыми және әдістемелік әдебиеттер әзірлеу және жариялау;
- Акушерлік, гинекология және перинатология мәселелері бойынша ұйымдармен, сонымен бірге халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу және ынтымақтастық орнату;
- Медициналық ғылымның жетістіктерін акушерлік мекемелердің тәжірибесіне енгізу;
- Қоғамның Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Құжаттарды бұрын жемқорлық құқық бұзушылық әрекеті үшін жауаптылыққа тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық ниет білдіруші азаматтар, сонымен бірге шетелдік азаматтар да тапсыра алады:
Білім:
Медицина саласындағы жоғары білімінің болуы, сонымен бірге экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/PhD докторы дәрежесінің болуы
немесе
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, соның ішінде:
- Қызмет аумағын және күрделілігін аталған ұйыммен салыстыруға болатын медициналық ұйымның (клиниканың) бірінші басшы қызметіндегі 3 жылдан кем болмайтын тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Қызмет аумағын және күрделілігін аталған ұйыммен салыстыруға болатын компанияның Директорлар кеңесінің не/немесе Қадағалау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретіндегі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компания қызметінде ауқымды қайта құруларды жүзеге асырудағы нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласында нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компанияда озық технологияларды енгізу тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Пациентке бағытталған мәдениетті енгізу тәжірибесі.
Біліктілік, дағдылар:
- Стратегияны айқындау, бірнеше қызмет пен процесті жоспарлау және интеграциялау деңгейіндегі дәлелді басқарушылық дағдылардың болуы;
- Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық базаны ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды меңгеру;
- Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы біліктілігі, бизнестің шұғыл және ұйымдық үлгілерін меңгеру;
- Ғаламдық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасының және аталған ұйымның серіктес елдерінің нарық жағдайларын меңгеру;
- Жұмыс барысында басқа компаниялар мен бизнестің басқа салаларының озық тәжірибелерін пайдалана білу;
- Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді іске бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары (басшылармен және еңбек ұжымымен байланыс);
- Жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау желілерімен кең байланыс орнату (мүмкіндігінше)
- Ағылшын тілін еркін меңгеру.
Құзіреттіліктер:
- Күрделі мәселелерді шешу;
- Команда құру және дамыту;
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды және қағазға басылған түрде тапсырулары тиіс:
- Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме фотосуретпен;
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімі және кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
- Жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі;
- Белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
- Соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижесі (жеке жетістігі);
- Акционерлік қоғамды алдағы 5 жылда дамыту болашағы туралы жоспары .
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 108 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, электронды пошта [email protected]
Сұхбат жүргізу уақыты мен орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат
Ескерту. Бастапқы скринингтен (алдын-ала таңдаудан) өткен үміткерлер «ҚазҰМУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бекіткен Комисияда сұхбаттасудан өтеді.