ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЗИЯЦИЯЛАУ
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» мақсатында Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарға сәйкес «Түркі әлемінің генезисі» тақырыбында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тұран-Иран» ғылыми –зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменеймен 28.04.2023ж. күні сағат 10.30-да кездесу өткізілді.
Аталмыш кездесуді Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі ә.ғ.к., доцент Нагайбаева З.А. ашып берді.
Студенттермен өткен кездесуде құрметті қонағымыз профессор Ислам Жеменей түркі халықтарының тарихи, мәдени, тілдік, діни, ділдік, құндылықтық жағынан жақындығы туралы тереңірек сипаттап берді. Түркі әлемінің даму үдерісі аясында қазақ халқының рөлі туралы өзінің көзқарастарын айтып кетті.
Кездесу барысында Алматы қаласы, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» Ғылыми және білім беру саласымен өзара әрекеттесу жөніндегі бөлімінің басшысы Касыметова Бахытгуль Техниковна да өз ойымен, көзқарастарымен бөлісіп, студенттерге әсерлі ой тастады.
Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының доценті ф.ғ.к., Бисембаева З.У., қонағымызға алғыс айтып, студенттерге қазақ халқының тарихы терең және оны оқу білу болашаққа маңызды екенін атап өтті. Студенттеріміз ой-пікірлерімен бөлісе кетті. Кездесу өте жоғары деңгейде өткізіліп, керемет әсер қалдырды.
Іс-шара ҚазҰМУ-нің Әлеуметтік-тәрбие жұмыстар департаменті мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бірлесе отырып ұйымдастыруымен өте жоғары деңгейде өткізілді.