«Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Құрметті ҚазҰМУ ұжымы және студенттер!
2017 жылы 16-17 қараша күндері болатын, ҚазҰМУ-нің 87 жылдығына арналған, «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға, ғылыми ой-өрісін және тәжірибелік дағдыларын нығайтуға ықпал ету, өзекті мәселелермен алмасу.
Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарлануда:
- 16 қараша – Ғылыми конференция бағыты.
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Медициналық ғылымдар
- 17 қараша – Хирургия саласы бойынша тәжірибелік сағаттар.
- Бірінші Медициналық Көмек Көрсету.
- Хирургиялық тігулер.
Конференцияда әр секцияда ең үздік 3 баяндамашыға ҚазҰМУ оқытушылар және профессорлар қауымдастығынан тұратын төрағалар алқасы тарапынан жүлделі орындар белгіленеді.
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Төле-би көшесі, №94, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті.
Ұйымдастырушылар : Жастар саясаты басқармасы, КазМСА ҚазҰМУ жергілікті комитеті.