ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АСЫЛ ТҰЛҒАСЫ
Бүкіл қазақ баласы өз балаңдай,
Сырқатқа сиқыршысың көз боярдай.
Сәбиді жүз мыңдаған құтқардың сен,
Ішіңнен қылпылдадың көз жазардай.
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
2007 жылдың 4 қазанында Қазақстан балалар хирургиясының негізін қалаушысы, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Университетіміздің ірі тұлғасы және де болашақ дәрігерлерге үлгі ретіндегі ұлы тұлға, Ормантаев Камал Сәруарұлымен кездесу кеші өткізілді. «Педиатрия» мамандығының ашылуына үлес қосқан Ормантаев Камал Сәруарұлының балалық шақтан, студенттік кездері мен қазіргі уақытқа дейінгі өмірі мен жетістіктеріне қалай жеткені туралы айтылып өтті.
Айтып өтетін жайт, Камал Сәруарұлының 20 мыңға жуық хирургиялық отасының арқансында аман қалған қанша сәби қазақтың өмір жолын жалғап, кейін қаншама ұлағатты ұрпақты тәрбиеледі. Ал озі дайындаған 200ден аса дәрігерлері мен ғылым кандидаттарының атқаратын жұмыстары , олардың жаңа ашулары қанша өмірді сақтайды, 320-дан аса ғылыми жұмыстары қанша білім алушылардың шам-шырағы болып, одан алған білімі келешекте жейтін наны болмақ десеңізші, және өзі ойлап тапқан 22 өнертабыстары қаншама жанға қиналғанда таптырмас көмекші болуда. Бұл айтылғанның барлығы орныдалған істің шет жағасы…
Кештің соңында Камал Сәруарұлы кешке қатысқан студенттерге кітаптарын сиға тартты.