Ұлы даланың жазушысы – Мұхтар Әуезов әлем есінде
Ақпан айының 14 күні Қазақ халқының Ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту барысында Этикалық Кеңестің төрайымы Ж.Г. Мустафинаның ұйымдастыруымен Абайтанудың негізін салушы Мұхтар Әуезовтың мемориалдық мұражай-үйіне ҚазҰМУ стоматология мектебінің 2 курс студенттері деканының тәрбие ісі жөнінде орынбасары Б.А. Амантаевтың, кураторлар Ж.Б. Бейсенбинова және А.А. Айтманбетованың жетекшілігімен қоғамдық денсаулық мектебінің 4 курс және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының оқытушылары экскурссия жасады. Мемориальдық мұражай-үйі студенттерді ұлы жазушының өмірінің бейтаныс қырлары туралы сыр шерткендей болды таныстырды. Мемориальдық мұражай-үйінің қызметкері бірнеше экспонаттарды көрсете отыра, М. Әуезовтың өмірінің әр кезеңінің құпияларын ашты. Құнды жәдігерлер мағлұматы студенттердің білім дәрежесін тағы бір қызықты мәліметтермен толықтырды. Студенттерді таңғалдырған дүние – Мұхтар Әуезовтың жеке бөлмесі, ондағы кітап толы сөрелер және өз туындылары, әсіресе кітаптардың барлық беттерінде жазушы өз қолымен қалдырған естеліктері болатын. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы әлемге таныс болып КазКССР-нің Мемлекеттік сыйлығына ие болу марапаты студенттерге мақтаныш сезімін ұялатты.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұл көрме залдың негізгі идеясы – мұнда келген әрбір көрерменге мұражай тек қазақ әдебиетінің қасиетті мекені ғана емес, қазақ елінің рухани орны деген ойды меңзейді.
Этикалық Кеңес, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Эпидемиология кафедралары