Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жыл толуына арналған «Жүгіру күні» атты жеңіл атлетикадан факультет аралық жарыс
9 сәуір 2015 жылы Орталық Стадионның қосалқы алаңында Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жыл толуына арналған «Жүгіру күні» атты жеңіл атлетикадан факультет аралық жарыс өтті.
Жарысқа 5 факультет қатысты: жалпы медицина факультеті, фармацевтикалық факультеті, қоғамдық – денсаулық сақтау факультеті, тіс емдеу факультеті және медбике ісі мамандығы. Жарысқа 120 студент қатысты.
Қыздар арасында 400 метрге жүгіруден 4 жүгіріс өткізілді. Жүлделі орын алғандар:
Орын | Студенттің аты-жөні | Нәтижесі | Факультеті/курсы | Тобы |
І | Макаш Алуа | 1 мин 22 сек | Фармацевтикалық факультет/ І курс | 14-003 |
ІІ | Ануарбекова Сымбат | 1 мин 28 сек | Тіс емдеу факультеті/ І курс | 14-002 |
ІІІ | Ахметова Роза | 1 мин 30 сек | Медбике ісі мамандығы/ І курс | 14-021 |
Ұлдар арасында 800 метрге жүгіруден 3 жүгіріс өтті. Жүлделі орын алғандар:
Орын | Студенттің аты-жөні | Нәтижесі | Факультеті/курсы | Тобы |
І | Рахмет Ермек | 2 мин 32 сек | Жалпы медицина/ ІІІ курс | 12-020 |
ІІ | Молдатилеу Ерболат | 2 мин 35 сек | Фармацевтикалық факультет/ І курс | 14-001 |
ІІІ | Даулетбекулы Талғат | 2 мин 37 сек | Жалпы медицина/ ІІ курс | 13-015 |
Қыздар командасы мынадай орындар иеленді:
- Фармацевтикалық факультеті – 4 мин 47 сек
- Медбике ісі мамандығы – 4 мин 48 сек
- Тіс емдеу факультеті – 4 мин 52 сек
- Жалпы медицина факультеті– 5 мин 02 сек
Ұлдар командасы мынадай орындар иеленді:
- Жалпы медицина факультеті – 7 мин 51 сек
- Тіс емдеу факультеті – 8 мин 37 сек
- Фармацевтикалық факультеті – 8 мин 59 сек
Жалпы команда нәтижесі:бірінші орын – Жалпы медицина факультеті, екінші орын – Тіс емдеу факультеті, үшінші орын – Фармацевтикалық факультеті, төртінші орын – Медбике ісі мамандығы, бесінші орын – қоғамдық – денсаулық сақтау факультеті.
Жарыс жоғары деңгейде өтті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!
Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы