Ұрпақтар сабақтастығының белгісі: Қазақ ұлттық медицина университетінде академиктерге арналған Жаңа дәріс залы ашылды
Бүгін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде №7 оқу ғимаратындағы жаңа Академиктер дәріс залының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа зал ҚазҰМУ түлектері Қазақстан Республикасының 23 академигінің еңбегіне арналған. Олар Абдрахманов Жаңалық Ниязұлы, Ақшолақов Серік Қуандықұлы, Әлиев Мұхтар Әлиұлы, Алчинбаев Мырзакарим Каримұлы, Атчабаров Бахия Атчабарұлы, Ахматуллина Назира Бадретдинқызы, Баймаханов Болатбек Бимендіұлы, Балмуханов Саим Балуанович, Беклемишев Николай Дмитриевич, Жұматов Хамза Жұматұлы, Қайдарова Диляра Радиковна, Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы, Локшин Вячеслав Нотанович, Муминов Талғат Аширович, Ормантаев Камал Сәруарұлы, Полосухин Александр Порфирьевич, Раисов Төлеген Казезұлы, Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы, Рахишев Алшынбай Рахишұлы, Саятов Марат Хусаинұлы, Төлебаев Райс Қажкенұлы, Шарманов Төрегелді Шарманұлы және Шигаева Майя Хажетдиновна.
«Бұл зал тек білім беретін орын ғана емес, еңбектері мен жетістіктері еліміздің тарихында өшпес із қалдырған, еңбегі сіңген ғалымдарға деген құрмет пен тағзым белгісіне айналады. Біз бұл залға Қазақстанның жиырма үш академигінің есімін бердік. Әрине, олардың әрқайсысының ерен еңбегі туралы сағаттап айтуға болады, бірақ оларға ортақ – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған орасан зор еңбектері, медицина мен ғылымға деген адалдығы. Бұл залдың ашылуы – Қазақстан академиктерінің ғылым, білім және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесін мойындау. Олардың еңбектері медицина мен биологиядан бастап, еліміз үшін денсаулық сақтаудың жаңа бағыттарын құруға дейінгі білімнің әртүрлі салаларына елеулі үлес қосты. Біз олардың мұрасын жалғастыра алатынымызды және күн сайын олардың үлгі-өнегесінен жігерлене алатынымызды мақтан тұтамыз және ҚазҰМУ студенттері біздің академиктерден білім алуға бірегей мүмкіндік алды», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Жаңа Академиктер залының ашылуы Қазақстан академиктерінің ғылым, білім және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесін мойындау болып табылады. Олардың еңбектері медицина мен биологиядан бастап, еліміз үшін денсаулық сақтаудың жаңа бағыттарын құруға дейінгі білімнің әртүрлі салаларына елеулі үлес қосты. Біз олардың мұрасын жалғастыра алатынымызды және күн сайын олардың үлгі-өнегесінен жігерлене алатынымызды мақтан тұтамыз, ал ҚазҰМУ студенттері біздің академиктерден білім алуға бірегей мүмкіндігі бар. Дәл медицинада ұрпақтар арасындағы байланыс өте маңызды және құнды екенін атап өтейік, әрбір көрнекті дәрігердің өз тәлімгері бар, әр тәлімгер өз шәкірттері мектебін қалыптастырады.
Жаңа дәрісхананың ашылуы сонымен қатар студенттердің кестелеріне оралатын ҚазҰМУ жетекші профессорларының дәрістерінің қайта жанданғанын айғақтайды. Сондай-ақ, жаңа зал ҚазҰМУ оқу қоры мен университет кеңістігін жаңғырту бойынша ауқымды жоспарлардың жүзеге асырылып жатқанының дәлелі. Университет ректоры Марат Едігеұлы Шорановтың айтуынша, биыл Қазақ ұлттық медицина университетінің №7 оқу корпусындағы дәріс залдарының барлығы жаңартылады.