Ұстаздар күнімен!
Бүгін біз өмірін ең асыл, ұлы іске арнаған жандарды құрметтейміз. Олар жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп келе жатқан ұстаздарымыз.
ҚазҰМУ-дың абыройы мен жетістігі ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Сіздердің адал қызметтеріңіз бен мамандыққа деген сүйіспеншіліктеріңіз университет тарихын алтын әріптермен жазды.
Ардагер ұстаздарымызға да алғыс білдіреміз. Қазірдің өзінде 400-ден астам зейнеткер педагог тәжірибесімен, даналығымен, білімімен бөлісіп жүр. Бұл біздің баға жетпес байлығымыз, мақтанышымыз.
Ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».
Ұстаздарымыздың жүрегі әрдайым шәкірттердің құрметі мен сүйіспеншілігімен жылып тұрсын. Күндеріңіз қуанышқа, денсаулыққа, еңбектеріңіздің жемісін көруден туған шаттыққа толы болсын.
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!