Академик Талғат Әшірұлы Момыновтың « Абай. Шекспир. Медицина » атты дәрісіне шақырамыз
Құрметті әріптестер, «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина» КЕАҚ оқытушы-профессорлық құрамы! 04.12.19 уақыты жылы «Даңқ» залына ҚР ҰҒА Т.Ә Момыновтың « Абай. Шекспир. Медицина » атты дәрісіне шақырамыз.
Момынов Талғат Әшірұлы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің профессоры ,1953 жылы туып, 1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Фтизиатрия, пульмонология, жұқпалы аурулар, денсаулық сақтау және білім беру салаларының маманы. 1976 жылы институтты бітіргеннен кейін стажер –зерттеуші; клиникалық ординатор, фтизиатрия кафедраның ассистенті, кафедра меңгерушісі міндетін атқарды. 1994-1995 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің департаментін басқарды. 1995-2008 жылдары Ұлттық медицина унивеситетің ректоры болды. 2008-2010 жылдары Қазақ тері және венерология ғылыми зерттеу институтының директоры болды. ҚазҰМУ фтизиария кафедрасының профессоры.
9 ғылым докторы мен 16 ғылым кандидатын даярлап шығарғарды. 2008 жылдан бастап Ұлттық Ғылым Академиясы толық мүшесі. Ресей Медициналық Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі. Қазақстан Жоғарғы мектебінің Ғылым Академиясының Академигі, Гамбург медицина және профилактика Академиясының Академигі, өкпе қабынуы мен өкпе ауруларына қарсы күрес Халықаралық Одағының мүшесі. Еуропалық респираторлық қоғамының мүшесі. Жоғарғы медициналық білім беру бойынша көптеген Мемлекеттік стандарттар және тұжырымдамалардың авторы. Қазақстан Республикасының фтизиатрлар Ұйымының Президенті. Жұқпалы аурулар, эпидемиология, аллергология, микробиология мен иммунология мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі және төрағасы болды.
Негізгі клиникалық, ғылыми және педагогикалық ізденістері туберкулез, СПИД және респираторлық, молекулярлы медицинасымен басқа да жұқпалы ауруларымен байланысты.
Қазақстан үшін ауыр соққан өткінші кезеңдерде елдегі туберкулез ауруына байланысты ғылыми негіздемелер жасады.
Жалпы құны 5,5 млн. АҚШ долларына бағаланатын 12 ғылыми жобалар мен гранттардың жетекшісі болды.
Басылымдары
30 монография мен оқулықтар, 3 медицина термин сөздігін қосқанда 280-нен астам ғылыми басылымдардың авторы. Фтизиатрия (2005, 2007) және пульмонология (2005, 2007) бойынша 4 ұлттық ғылыми баяндаманың авторы.
600-ден астам рентгенологиялық безендірілген, өкпе ауруларына арналған 2 томдық Атлас, «Дерматологиядан клиникалық атлас лекциялар», «Пенетенциарлық мекемелердегі туберкулез, ВИЧ және мерез аурулары», «Жұқпалы және паразиттік аурулар кезіндегі шараларының стандарттары мен алгоритмдері» монографиясын жазған. Импакт факторы нөлдік емес халық-аралық басылымдарда 6 мақаласы жарық көрді. 2011-2019 жылдар арасында түрлі тақрыптар бойынша 16 оқулық жазды.
Қызметің әлеуметтік маңызы
DOTS жүйесінің Қазақстанға еңгізуіне жол ашқандардың бірі, жинақталған әмбебап жүйенің авторы (DOTFF).
Қазақстандағы туберкулез ауруларына қарсы ұйымның Президенті. Т.А Муминовтың бастаумен кәсіпкерлерді, банк іскерлерін, туберкулез саласындағы мамандарды, осы ауруға қарсы күрес жүргізуге дайын қоғам қайраткерлерін біріктіріп«Туберкулез тоқтатылсын! Шоқанды құтқарыңдар!» қозғалысын құрған.
Т.Ә.Момыновтың басшылығымен 14 елдің ғалымдары қатысқан «Қазақстандағы мультирезистентті туберкулез», «Ғасырлар тоғысындағы медицина университеті» сияқты ірі халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Педагогикалық қызметі
1984-1992-жылдар аралығында Дәрігерлер білімін жетілдіру Институтында ассистент, 1992-жылдан 1994-жылға дейін институттағы фтизиопульмонология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1995-жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ұлттық медицина университетінің фтизиопульмонология кафедрасының профессоры.
13 жыл бойы 7500-дей студент білім алатын, 125 ғылым докторы мен 500 ғылым кандидаттары қызмет істейтін, еліміздегі ірі оқу орнының бірі Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры қызметін атқарды. Университеттің құрметті профессорларының қатарында, әлемдік деңгейдегі ғалымдар, физиология мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері арасында бар.
Академиктің басшылығымен медицина ғылымы мен мамандарды дайындау салалары бойынша Қазақ Ұлттық медицина университеті мен алыс шетелдердегі 12 ел (Люксембург, Швеция, Голландия, АҚШ, Англия, Жапония, т.б.) арасындағы қарым-қатынасты нығайтты .
Академиктің бастаумен университеттің Профессорлық клиникасы құрылды. Бұған 1,5 млн евро мемлекеттік емес инвестиция бөлінген.
Марапаттары
Адамгершілігі мен медицина ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Альберт Швейцер атындағы Алтын медальмен марапатталды (Поляк медицина академиясы – 1998). «ҚР денсаулық сақтау ісінің Үздігі», «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» медальдарының және «Құрмет» орденінің иегері.
Еліміздің 4 медициналық жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры. Туберкулезге қарсы жүргізген жұмыстары үшін «ТАРЛАН» сыйлығының иегері болды.
Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін меңгерген.