Әзербайжан Республикасының медициналық білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен мейіргерлік істі көпдеңгейлі даярлау тәжірибесімен алмасуға арналған Халықаралық конференция
Құрметті әріптестер!
2025 жылғы 27–28 қарашада С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақстан Республикасының жетекші медициналық колледждері базасында Әзербайжан Республикасының медициналық білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен мейіргерлік істі көпдеңгейлі даярлау тәжірибесімен алмасуға арналған Халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты – мейіргерлерді даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылау, озық тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту. Конференция барысында көпдеңгейлі оқыту үлгілері, екі елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлердің рөлі және алдағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылады.
Конференция аясында дөңгелек үстел, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен инновациялық оқыту әдістемелерінің таныстырылымдары өтеді.
Іс-шараға ҚазҰМУ басшылығы, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Талғар қалаларының медициналық колледждері мен жекеменшік колледждердің өкілдері, сондай-ақ Әзербайжан медициналық университеті мен Әзербайжанның медициналық колледждерінің өкілдері қатысады.
Өткізу күндері: 27–28 қараша 2025 жыл
Басталу уақыты: 09:00
Өтетін орындар: 27.11.2025 – Алматы қ., Төле би көш., 94
Академик Т. Шармановтың Даңқ залы
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
28.11.2025 – Алматы қ. ҚДCБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» және АМК.
Сіздерді осы маңызды іс-шараға қатысуға және мейіргерлік білім беруді халықаралық деңгейде дамытуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Ұйымдастыру комитеті: Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Мейіргер кафедрасының меңгерушісі, Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы, Халықаралық ынтымақтастық басқармасы.
E-mail: [email protected]
Тел.: +7 (7273) 387041


