Әлихан Бөкейханның туғанына -150 жыл
Әлихан Бөкейханның туғанына -150 жыл
Әлихан Бөкейхан (1866-1937)
2016 жыл 22 қаңтарда «Жалпы хирургия» кафедрасында қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, қазақтың тұңғыш партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің премьер министрі – Әлихан Бөкейхан Нұрмұхамедұлының(1866-1937) туылғанына 150 жыл толуына орай еске алу кеші өткізілді. Еске алу кешіне ЖМ 13 топтарының студенттері мен кафедра қызметкерлері қатысты. Кешті «Жалпы хирургия» кафедрасының ассистенті, м. ғ. к. Асан Қаныбекұлы ашып, Алихан Бөкейхан Нұрмұхамедұлының туылғанына 150 жыл толуын толығырақ атап көрсету үшін баяндама жасауға ЖМ13-004 тобының студенті Қалқанбай Айғанымға сөз берілді.
Қалқанбай Айғаным баяндамасында атап көрсетті: Әлихан Бөкейханның туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауыл болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкейхан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхаммед туылған. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті дүмше молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы орыс мектебінде оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып,қаладағы үш класстық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Ал жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом (ол кезде бұл өте көп ақша, қазіргі теңгенің құнымен салыстыру мүмкін емес) степендиясын алып, Ресейдің астанасы Санк – Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына түседі. Ол мұнда жүріп, күнделікті сабақтарымен қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.
Әлихан Бөкейхан ең алғашқы Алаш партиясын және оның мемлекетін құрып, бірінші премьер министрі болып, Семей қаласын астана еттіі. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуг жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіліп үкім орындалды.
Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін салған, қазақтың заманауи, демократиялық мазмұндағы тұңғыш үкіметі – «Алашорданың» көшбасшысы болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның жерленген жерінің табылғаны туралы деректі бұған дейін белгілі әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы баспасөзде жариялаған болатын.«Әлихан Бөкейхан Нығмет Нұрмақовпен бірге Мәскеуде жерленген» деп аталған мақаласында ол аталған қос тарихи тұлғаның қайда жерленгені турасында деректер табылғанын жазған-ды.1937 жылы 27 қыркүйекте атылған арыстарымыз Мәскеу қаласындағы Дон қорымындағы №1 ортақ қабірге жерленіпті.
Бұл еске алу кешіне барлық студенттер белсене қатысты. ЖМ13-005 тобының студенті Таңшолпан Жорабек Алаш көсемдеріне арнап өлең жолдарын оқыды: Алаш ұлы дана, әрі дара тұлғам,
Нұрмұхаммед әкеден жаратылған.
Арғы атасы Бөкей хан ірі хан боп,
Барлығы халық қамын көп ойлаған.
Қазақтың қайсар ұлы қайраткері
Елінің қамын жеген,
Патшаға қарсы тұрып, қазақты ойлап,
Кадеттер дейтін партия құрып
Алаш елі қазағымның намысын бермей
Ресейлік отарларға қарсы болған
Түптеп келе Қазақтың құрылуына себеп болған.
Жалпы хирургия кафедрасының ассистенті А.Қаныбекұлы Алашорда үкіметінің ұсынған ұлттық идеяның негізгі ұстанымдарын атап көрсетті:
- Олар таптық бөлінуді (бай, кедей, орташа) қолдамады.
- Жерді сатуға қарсы болды.
- Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі .
- Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың үстінен табылсын .
- Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын .
- Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, дамыған Жапония елінің тәжірбиесі қолданылсын .
Бұл ұстанымдар осыдан 90 жыл бұрын Алаш арыстарының бағдары болған. Бұл бағдар арман күйінде қалды. Қазір тәуелсіз еліміздің мемлекеттік идеясының іргетасы осылай болу керек сияқты.
Егер қазіргі таңда Алашорда үкіметі орнап, Алаш идеясы іске асқан жағдайда қазақ халқының жағдайы қалай болар еді? Ғалымдардың пікіріне сүйенсек 1921-1922 жылдары аштықтан 1 млн 758 мың қазақ қырылып қалмас еді. 1931-1932 жылдардағы аштық болмас еді. Қазақ ұлтының рухы дәл осылай құлдырамас еді.
Қазіргі уақытта Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің алдына 2050 жылы өте күшті дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді ұйғарып отыр. Президентіміздің алға қойған алдыңғы қатарлы күшті дамыған 30 мемлекеттің арасына қосыламыз деген мақсаттары жақын жылдарда орындалады деп,зор үміт артамыз.
Мағжан Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» деген сөзінің астарында зор мән- мағына жатыр. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Кезінде Әлихан : «Алаштың баласы бұл жолы болмаса жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болады»- деген. Ұлт көсемінің ұлы арманы орындалғанын өзі көрмесе де, бүгінде оның ұрпағы көруде. Сондықтан да кейінгіге ғибрат алар үлгі тастап кеткен Әлекеңнің алдында барша қазақ қарыздар.
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс- бар қазаққа,
Талассыз жеке дара тұрғой өзі -деп
Алаш идеясын жақтаушы, өмірі жастайынан қыршын кеткен талантты ақынымыз С.Торайғыров айтқандай «Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара болып қала бермек.
Әлихан Бөкейханды еске алу кешінің соңында жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, м. ғ. к. А.Қаныбекұлы кешті қорытындылап, бұдан былайғы уақыттарда да қазақ тумасының атақты, елім деп еңіреп, жасын төгіп өткен азаматтарды еске түсіру кештерін жоспарлауда. Кештің соңынын Әлихан Бөкейхан туралы кинофильмдер көрсетілді.
Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері Қалқанбай А.,Әділхан Е., Тұрдалы Б., Шадиева Д.
Жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, м. ғ. к. А.Қаныбеков.