Өзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері: Қазақстан мен Өзбекстан медицина жастарының достық шаралары
Өзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері аясында Қазақстан мен Өзбекстанның медицина жастарының достық шаралары өтті. Іс-шаралар екі елдің медициналық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық серіктестікті дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Достық олимпиадасы мен спартакиадасы Ташкент мемлекеттік медицина университетінің алаңында өтіп, екі елдің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді.
Қазақстан тарапынан С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Астана медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Семей медицина университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенттері қатысты.
Өзбекстан атынан Ташкент мемлекеттік медицина университетінің, сондай-ақ Андижан, Бұхара, Үргеніш, Самарқанд және Қарақалпақстан мемлекеттік медицина институттарының, ТашММИ-дің Термез және Чирчик қалаларындағы филиалдарының студенттері қатысты.
ҚазҰМУ студенттері олимпиада мен спартакиада барысында жоғары дайындық пен терең білім деңгейін көрсетті. Іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстанның медицина жастары үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.