Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
25 сәуір 2024 жылы химия кафедрасының доценті Балпанова Д.Т., дәріскерлер Алдибекова Г. А., және Тәліпбекова Ә.Ж., ФӨТ мамандығының 2 курс ФӨТ 22-044о, ФӨТ 22-038қ, ФӨТ 22-007қ, ФӨТ22-008қ, ФӨТ 22-008қ, топтарының студенттерімен «Үш тұғырлы тіл» саясаты аясында «Өзге тілдің барын біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: басқа тілдерді білудің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру және үштілділік контекстінде ана тіліңізді құрметтеу.
«Женті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл»,- деген даналық сөздің қажеттілігін, ғылым техника қарқынды дамыған ғасырымызда терең түсінгендейміз. Ағылшы, орыс тілдері дамып, өркендеген елдердің тілі болғандқтан, ол тілдерді үйрену көптеген құнды ақпараттарға қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. Ал қазақ тілі қазақстандықтардың басын біріктіретін қасиетті тіл, тәуелсіздігіміздің жарқын бейнесі, ұлттық ойлау жүйеміздің қорғанышы.
Кураторлық сағатта келесі мәселелер қаралды және талқыланды:
- Жеке және кәсіби даму үшін үштілділіктің артықшылықтары.
- Өз тілі мен мәдениетін құрметтеудің маңыздылығы.
- Тілдердің әртүрлілігі мәдениетаралық өзара әрекеттесуді қалай байытатыны туралы пікірталас.
- Бірнеше тілді білетін адамдардың тәжірибесі мен сәттілік тарихы.
- Әр түрлі тілдерді үйренуге және сақтауға арналған практикалық кеңестер
Қорта келгенде, кураторлық сағатта студенттерге еліміздің үш тұғырлы саясаты тұрақтылықты, дамуды, және бірлікті күшейтетінін түсіндіріп, оларға үш тілді терең меңгерудің маңыздылығы көрсетілді.