«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…»
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…»
22.10.2015 жылы «Даңқ залы» қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай қазақ және орыс тілі кафедра ұжымы«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…»атты кеш өткізді. Кеште Абай Құнанбайұлының шығармалары, аудармалары қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде оқылды.Сонымен бірге кеште Абайдың «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б. әндері шырқалды. Жалпы медицина факультетінің 011-2 топ студенттеріАбайдың “Ескендір” поэмасы бойынша сахналық қойылымкөрсетті.ЖМ факультеті 011-2 топ студенті Махсотов Бақытжан өзі жазған «Абайға арнау» атты өлеңін оқыды.
Кеш барысында студенттер Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздері бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсетті.
Кештің тәрбиелік мәні мен эстетикалық әсері өте жоғары болды.
Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Серикова Жадра Усенқызы.