«Өндірістік жағдайларда патогенді биологиялық агенттердің экожүйеге әсері: тәуекелдерді бағалау және биологиялық қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ашық дәріс
2026 жылғы 13 наурыз күні сағат 14:00-де Фармация мектебінде «Өндірістік жағдайларда патогенді биологиялық агенттердің экожүйеге әсері: тәуекелдерді бағалау және биологиялық қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ашық дәріс өтеді.
Іс-шара тұрақты даму қағидаттарын және Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында өткізіліп, «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына патогенді биологиялық агенттердің экожүйеге әсері, тәуекелдерді бағалау әдістері және өндірістік жағдайларда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы білім қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шараға Фармация мектебінің білім алушылары, профессор-оқытушылар құрамы қатысады.
Барлық ниет білдірушілерді дәріске қатысуға шақырамыз!
Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, №7 оқу корпусы, №2 аудитория – «Академиктер залы».


