«Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты кураторлық сағат өткізілді
28.02.2024ж күні , ФӨТ 22-022 және ФӨТ 22-018 топтарына 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніе орай, қазақ қызының бойындағы әдеп-ибасы мен қоғамдағы орнын, беделін ұғындыру мақсатында, «Өнерлі қыз, өнегелі ана» тақырыбында доцент Ашимхан Н.С. және лекторлар Тәліпбекова А.Ж. Сыдыкова А.И. ашық кураторлық сағат өткізді.
Қазақтың арғы бергі тарихында елмен жерге өлшеусіз үлес қосып аты аңызға айналған аналарымыз қаншама, бүгінде елімізде әр салада даңықты қызымет атқарып жатқан нәзік жандыларда баршылық. Солардың өнегелі істерін айту арқылы студенттерге тәрбие сағаты өткізілді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жалаң кәсіби білім беру жеткіліксіз, олардың бойына адами құндылықтармен асыл қасиеттерді де қалыптастыруымыз керек. Ал қыздың тәрбиесі әрқашан маңыздылығын жоғалтқан емес, өйткені қыз тәрбиесі – ел тәрбиесі. Халқымыз «қыз жат жұрттық, қыз қонақ», – деп қызын үкілеп өсіріп, айырықша құрыметтеп, ерекше тәрбиелеген.
Қыздың тағдыры ұлттың тағдыры екенін ескерсек, қыздың білімді, сымбатты, арлы, абыройлы болуы тек ата-ананың ғана емес бір әлеуметтің атқарар тірлігі спетті. Қазыргыдей өркениеттердің алмасқан ғасырында салихалы қыздарымыз ұлттық болмысымызды сақтап қалары сөзсіз.