№ 4 аудиторияда Гистология кафедрасының оқытушылар құрамы мен «Шешендік өнер мектебінің» негізін алаушы ҚР шығармашыл әйелдер одағының мүшесі, тіл жанашыры Айменова Гүлжайна Тұрсынқызының ұйымдастыруымен әдеби-шығармашылық кеш өткізілді
25 ақпан 2022 ж. сағ. 12.50.-де № 4 аудиторияда Гистология кафедрасының оқытушылар құрамы мен «Шешендік өнер мектебінің» негізін алаушы ҚР шығармашыл әйелдер одағының мүшесі, тіл жанашыры Айменова Гүлжайна Тұрсынқызының ұйымдастыруымен әдеби-шығармашылық кеш өткізілді.
Студенттердің ана тілімізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Тілін, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу; Ана тілі жайлы түсініктерін арттыру; сахналық мәдениеттілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әлі айтқандай, Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.
Жалпы медицина және Педиатрия мектептерінің студенттері қазақ тілін қадірлеп, қастерлейтін ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқудан шеберлік көрсетті:
- ЖМ 20-014-01 Төрехан Мерей – А.Құнанбаев «Өлең сөздің сарасы»
- ЖМ20-003-2 Бекетова Баян- Абай Құнанбаев «Ауру жүрек ақырын соғады жай»
- ЖМ20-011-1 Мәден Енлік- Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
- ЖМ 20-012-02 Ерлан Халима. Байыт Қабанұлының өлеңі «Сал домбыра»
Педиатрия 20-001-2
- Акимбек Анель –Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы.
- Серік Ботакөз- Мұхтар Шаханов «Әке үкімі»
- Серғазықызы Мадина- Мұқағали Мақатаев «Қазақстан»
- П 20-004-02 Қайролла Дильназ «Қазақ тілі туралы өлең»
«Өнер алды –қызыл тіл» дейді халқымыз. Сол өнердің де, білімнің де алды адамдар қарым –қатынасының басты құралы-тіл. Біздің егемен еліміздің мемілекеттік тілі –қазақ тілі.
- Ерболатов Азамат- М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының 6«Д» сынып оқушысы өз өнерін көрсетіп М.Мақатаев ағамыздың «Поэзия» шығармасын оқыды.
- Жараспай Дарын – Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының 5 «Б» сынып оқушысы «Айжанқыз» халық күйін орындады.
Тіл – халықтың жаны. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ болып мәңгілік болуы тиіс! Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
Педиатрия 20-001-2 топ студенті Нугманова Мөлдірдің орындауында дәстүрлі ән домбырамен: Ғ.Құрманғалиев «Сәлем Қазақстан» тыңдалды.
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры – қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Баттал Абылайхан Нысанғалиұлы №157 мектеп, 6«И» сыныбы.
Құраманғазының күйі «Адай» күйін наышына келтіре орындады.
Тіл – халықтың жаны. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ болып мәңгілік болуы тиіс! Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
Бейнероликтер
- https://youtube.com/shorts/V12Fa2BogMc?feature=share
- https://youtube.com/shorts/sub1AmWkb00?feature=share
- https://youtu.be/viVDuwtNQvQ
- https://youtube.com/shorts/2sWqkr_59vo?feature=share
- https://youtu.be/Kl0_-2O_e7Q
- https://youtu.be/72HXLCXMRDU
- https://youtube.com/shorts/M8rF9Wk6ANM?feature=share
- https://youtu.be/fhT4R2tx8SY
- https://youtube.com/shorts/vn_7C-04BMY?feature=share
- https://youtu.be/02UJVFKhOzg