№1 Хабарландыру Құрметті студенттер!
Сізге MEXT (Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі) стипендиясына Апаттар және радиациялық медицина ғылымдары бойынша магистратураға түсу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз. http://www.fmu.nagasaki-u.ac.jp/en/
Үміткерлер MEXT стипендиясы бойынша қабылданады (Қазақстан Республикасы бойынша 3 адам квотасы), және JICA стипендиясы (квота – 3 адам).
Қажетті құжаттар:
- Фотосуреті бар ағылшын тілінде түйіндеме.
- Ағылшын тіліндегі эссе (неліктен сіз осы магистрлік бағдарламаға жазылғыңыз келеді (Апаттар және радиациялық медицина ғылымдары).
- Магистратураға түскеннен кейінгі жоспарлар.
- Потенциалды зерттеу тақырыбы
Өтініш беру мерзімі:
MEXT- 12/15/2024ж. және JICA 05/01/2025ж. дейін.
23-27 желтоқсан аралығында әр кандидатпен 15-20 минуттық онлайн сұхбат болады.
Іріктеуден өткендер кейін қоса берілген құжатқа сәйкес қажетті құжаттардың тізімін тапсырады (2-тармақ). Өтінім нысаны (2-тармақтағы бірінші құжат)
Ақпарат алу үшін Халықаралық Ынтымақтастық Бөліміне тел. 38 -70 -46 және электрондық пошта: [email protected] арқылы хабарласуға болады.