№2 жатақханадағы «Алтын күз»
№2 жатақханадағы «Алтын күз»
Сыр беріп алтын күзкеліпжетті…
Иә, көне шаһар төріне өзінің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де, жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
№2 жатақхананың ұйымдастыруымен алдыңғы аптаның жұмасында «Алтын күз» байқауы өткізілді. Байқауға үш жұп қатысты: Әбдіраманов Бағдат пен Жаппарбергенова Аида, Қонақбаева Әсел мен Сайлауов Айдар, Мусалим Ибраһим мен Абсеит Аяулым.
Байқау 4-кезеңнен: таныстыру, өз өнері, сән үлгісі және би байқауынан тұрды.
Әбдіраманов Бағдат пен Жаппарбергенова Аида 3-орынды, Мусалим Ибраһим мен Абсеит Аяулым 1-курс студенттері бола тұра, өздерінде біршама өнерлері бар екенін көрсетіп,2-орынды иеленді.
Ал, өздерінің таланттылығымен, ізденімпаздығымен, ерекше тыныстыруларымен, сахналық қойылымдарымен, «жамандық пен жақсылық» кейіпінде болған сән үлгілерімен, жұртты баулап алған билерімен 1-орын алған Қонақбаева Әсел мен Сайлауов Айдар болды. Қонақбаева Әсел біздің университетке академиялық мобильностпен бойынша биыл ғана келе отырып, өзінің талантты қыз екенін дәлелдеп отыр. Жігітке жеті өнерде аз демекші, Сайлауов Айдар да өзінің бойынан барлық өнердің табылатын дәлелдеді.