✅Неліктен депрессия мәселесін елемеуге болмайды, маман айтып берді
🏫ҚазҰМУ «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты ауқымды конференция өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің психиатрия және психология саласындағы үздік мамандары қатысуда.
🌐Конференцияда м.ғ.д., профессор, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры, Ресей психиатрлар қоғамының президенті Незнанов Николай Григорьевич – «Соматикалық аурулардың және депрессияның коморбидтілігі» тақырыбындағы баяндамасында депрессия мәселесіне көбірек көңіл бөлудің маңыздылығын алға тартты.
🔸️Ол психиатрия ғылымы бір орында тұрмайтынын атап өтті. Қазір психиатрия превентивті, жеке медицинаны қалыптастыру жолына жылжуда, сондай-ақ оған дәлелді медицина кеңінен енуде. Дегенмен жаңа проблемалардың пайда болуына да баса назар аударылады. Өйткені коронавирус депрессиямен жағдайды ушықтырады.
💬«Депрессия халықтың белгілі бір санатын таңдамайды. Өмір бойы депрессияның пайда болу қаупі шамамен 12 пайызды құрайды. Мұнда науқастың жасы мен зардап шегетін аурулары үлкен рөл атқарады. Депрессия өмір сүру ұзақтығын едәуір қысқартады. Сонымен қатар, депрессия неғұрлым ерте басталса, соғұрлым көп жылдарды алады. ДДСҰ болжамына сәйкес депрессия 2030 жылға қарай мүгедектік себептерінің арасында бірінші орынға шығады», – дейді маман.
🔸️Сонымен қатар, оның айтуынша, депрессия бұл таза психикалық бұзылулар емес. Бұл айтарлықтай ауыр және метаболикалық бұзылуларды тудырады. Соматикалық шағымдар неғұрлым айқын болса, депрессияның болу ықтималдығы соғұрлым жоғары және оны тану ықтималдығы аз болады.
💬«Біз бүгінгі күннің өзінде депрессия әртүрлі органдар мен жүйелерге әсер етіп, көбінесе денеде ауыр бұзылуларға әкеледі деп айта аламыз. Ми да зардап шегеді.
🔹️Депрессия мен соматикалық ауруларға тән гендік және молекулалық жолдарды зерттеуде практикалық маңызы ғана емес, сонымен қатар белгілі бір соматикалық аурулардың сипатын диагностикалау мен анықтаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға әсер етуі мүмкін.Ең алдымен бізге биологиялық медицина саласындағы әртүрлі мамандармен кең байланыс қажет, көп жүйелі тәсіл қажет. Егер мамандар даярлау туралы айтатын болсақ, студенттер мен дәрігерлерге арналған арнайы оқу бағдарламаларын құру қажет, денсаулық жағдайына қатысты мәселелерді нәтижелі шеше алатын емдеу- ұйымдастыру әдістемелік орталықтарын құру қажет», – деді ол.
🌐«МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» конференциясында Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің үздік мамандары сөз сөйледі. Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығымен, психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
🔸️Бұдан басқа, «МЕНТАЛЬДІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» конференциясы аясында ментальды денсаулық саласындағы жас ғалымдар мектебі, фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы жас ғалымдар мектебі (ғылыми- тәжірибелік конференция), «Стоматологияны дамытудың тиімді стратегиялары, COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі сын-қатерлер мен шешімдер» конгресі, «Симуляциялық орталық: даму перспективалары» конференциясы, «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Life Sciences саласындағы ғылыми зерттеулер» «Анатомияны оқыту визуализациялау, ҚазҰМУ тәжірбиесі» тақырыптарына мастер-класстар өткізіледі.