✅ҚазҰМУ Университет күндері аясында конференциялар жалғасуда
🏫Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында қазанның 13-15 аралығында «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Бірінші күннен бастап Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің медицина және ғылыми қоғамдастықтарының өкілдері университет аудиторияларында өз баяндамаларын бастады. Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығымен, психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
🌐Бірінші күні ҚазҰМУ психиатрия кафедрасында «Ментальды денсаулық саласындағы жас ғалымдар мектебі» өткізілуде, оның аясында м.ғ.д., профессор, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры, Ресей психиатрлар қоғамының президенті Незнанов Николай Григорьевич пен м.ғ.д., профессор, Дүниежүзілік психиатриялық Қауымдастығының Бас хатшысы Морозов Петр Викторович сөз сөйледі.
🔸️ҚазҰМУ Төрегелді Шармановтың Даңқ залында «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы жас ғалымдар мектебі» басталды, онда фармация саласындағы жетекші мамандар жиналды.
🔹️Ал Жалпы медицина мектебінің базасында Life Sciences саласындағы Ғылыми зерттеулер секциясы басталды. Онда микробиология, иммунология және биохимия мәселелері зерттеледі.
🔸️Бірінші күні ҚазҰМУ жаңа анатомиялық симуляциялық орталығының ауқымды тұсаукесері өтті, орталық үлкен жаңартулардан өтіп, заманауи жабдықтармен, оның ішінде адам мәйітінің жаңа симуляторларымен толықтырылды.
🔹️Сонымен қатар ҚазҰМУ бір мезгілде «Стоматологияны дамытудың тиімді стратегиялары, COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі сын-қатерлер мен шешімдер» ауқымды халықаралық конгресі өтуде. Ол № 4 оқу корпусы базасында ұйымдастырылды.
🔹️Жақында ҚазҰМУ стоматологияға арналған практикалық дағдылар орталығында ауқымды жаңарту жасалды. Студенттерге практикалық және қолмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру үшін 433 миллион теңгеге жаңа симуляциялық жабдықтар сатып алынды. Конференцияда мамандар стоматология саласындағы жаңа трендтерді және коронавирустың науқастарды емдеуге қалай әсер еткенін талқылайды. Симуляциялық орталықтың өзінде «Симуляциялық орталық: даму перспективалары» атты жеке конференция өтеді, онда оның даму перспективалары талқыланады.
🔸️Қазанның 13 күні «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Университет күндері – 2021 ресми ашылуы салтанаты өтті. Онда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин және м.ғ.д., профессор, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры, Ресей психиатрлар қоғамының президенті Незнанов Николай Григорьевич сөз сөйледі.
📍Ауқымды конференциялар 14 және 15 қазанда жалғасын табады.