02.03.2020 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы КЕАҚ ҚазҰМУ-нің профилактикалық медицина курсының тәрбие жұмысының жоспары негізінде «1- наурыз Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша ҚДС мектебі аумағында дөңгелек үстел өткізілді
1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенімі.
ҚДС мектебі аясындағы өткізілген шараны ұйымдастырғандар: Профилактикалық медицина курсының меңгерушісі м,ғ,д., профессор К.К.Тоғызбаева, ассистент Э.И.Құсайнова, м.ғ.к, доцент А.Қ.Текманова, м.ғ.к, лектор Л.Б.Сейдуанова. Дөнгелек үстел қонақтары: «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің деканы К.Б.Карибаев, тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Б.С.Төлеутаев, нутрициология кафедрасымен профилактикалық медицина курсының доценті PhD А.Н.Қожахметова, эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының лекторы Л.Ж.Темірбаева және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 4 курс студенттері. Дөнгелек үстелді «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің деканы К.Б.Карибаев ашып берді. Дөнгелек үстел барысында «1- наурыз Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша 4 курс студенті Биебаева Азиза презентация жасады және «Қазақстандағы алғыс айту күні» атты видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. Шара барысында Б.С.Төлеутаев мырза студенттерге тарихи зердені сақтай отырып және біздің жалпы ұлттық құндылықтарымызды еселеу арқылы ғана, біздің ортақ мақсатымыз – тұрақты, гүлденген және өркендеген Қазақстанды құратынымызды баса айтып өтті. Дөңгелек үстелді профилактикалық медицина курсының меңгерушісі профессор К.К.Тоғызбаева аяқтап осы шараға қатысқан қонақтармен оқытушыларға және студенттерге рақметін айтты.