1 курс студенттеріне хабарлама
1 курс студенттерінің назарына!
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірінші курс студенттеріне арнап 2019 жылдың 26 тамыздан 29 тамыз аралығында бағдарлық апталығын ұйымдастырады.
Бағдарлық апта кезеңінде декандармен, кітапхана, тәрбие жұмысы бөлімінің, жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің, қаржы бөлімінің және студенттік белсенділер тобының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Сіздерді университеттің Академиялық саясатымен, Академиялық адалдық Кодексімен, Ішкі тәртіп Ережесімен және т.б. ақпараттармен толығырақ таныстырады.
Бағдарлық апта кезеңінде «Академилық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша арнайы дәріс сабақатары өткізілетіндіктен, және аталған пән бойынша қорытынды баға қойылатындықтан 1 курс студенттерінің бағдарлық аптаға қатысуы міндетті екенін ерекше назарларыңызға ұсынамыз.
Университеттің жатақханаларынан орын алу туралы сұрақтар бойыша сіздің 1 курсқа қабылданғаныңыз туралы бұйрық шыққаннан кейін «Сириус» автоматтандырылған жүйесіне логин мен құпия сөзді алу, сонымен қатар «Жатақхана» модуліне қойылатын ережемен танысу үшін тиісті мектептің деканатына (№5 ғимарат) жүгіне аласыздар.
2019 жылдың 26 тамыз күнгі студенттердің декандармен кездесу кестесі:
сағат 09.00:
Мамандық: Фармация, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы – Өткізілетін орны: Concordia театры.
Қажетті жағдайдағы байланыс телефондары: Фармация Мектебінің декан орынбасарлары
Караубаева Айгерим Абаевна- 8 707 455 01 82.
Кузембаева Айжан Саденовна –8 747 355 16 45.
сағат 10.00:
Мамандық: Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейіргер ісі, Менеджмент – Өткізілетін орны: Аудитория №4.
Қажетті жағдайдағы байланыс телефондары: Қоғамдық денсаулық сақтау Мектебі декан орынбасары
Тагирова Рима Толеухановна – 8701 489 89 96.
сағат 14.00:
Мамандық: Жалпы медицина – Өткізілетін орны: Concordia театры.
Қажетті жағдайдағы байланыс телефондары: Жалпы медицина Мектебі декан орынбасары
Илиясова Аяулы Даулетовна – 8 747 798 28 00.
Педиатрия – Өткізілетін орны: Аудитория №6.
Қажетті жағдайдағы байланыс телефондары: Педиатрия Мектебінің маманы Нуркасымова Алмагуль Турсынбаевна – сот.8 775 621 75 49.
сағат 14.30:
Мамандық: Стоматология – Өткізілетін орны: Аудитория №2.
Қажетті жағдайдағы байланыс телефондары: Стоматология Мектебінің декан орынбасары
Скакова Улпан Толеухановна – 8 702 401 89 78.