«1 Мамыр халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында «Ашық есік» іс-шарасы өткізілді
31.05.2022 ж., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ -нің «№2 жалпы дәрігерлік практика» және «Балалар ауруларының пропедевтикасы» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамымен, тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесінің БМСК деңгейінде консультациялық көмек аясында Алматы қаласы, ҚДБ-ң «№15 қалалық емханасының» базасында «1 Мамыр халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында «Ашық есік» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға қатысты:
- №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы: Мамбетова И.З. – м.ғ.к., доцент; Кошербеков Е.Т.-м.ғ.к., доцент; Давлетгильдеева З.Г. –м.ғ.к., доцент; Дуйсенбаева А.Ж. –ассистент; Таджибаева К.Б-ассистент; Әкімжан М.Қ. –ассистент.
- Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасы: Батырханов Ш.К. – м.ғ.д., профессор; Сагатбаева Н.А. – м.ғ.к., доцент; Абдуллаева Г.М. – м.ғ.к.,доцент; Жуманбаева К. Р. – ассистент.
№15 қалалық емханасының тіркелген тұрғындарына көрсетілген консултация барысында әр түрлі патологиямен 98 науқас балалар қабылданды. Қабылдау барысында аурулардың алдын алу мен реабилитациясы, диагностикасы мен емі туралы ата-аналарға кеңес берілді.