1 – маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді
Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек.
Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Балалар жыламасын!
Дүние жүзінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралары балалардың өмірін жақсартуға бағытталған.
Балаларға медициналық көмек көрсету шеңберінде профессор Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулар кафедрасы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№8 қалалық бірлескен емханасы» ШЖҚ МКҚК әкімшілігімен бірлесіп, бас директоры Мухамеджанова Жанар Амантаевна, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жумасил Айгерім Өмірбековна 31 мамыр күні емханада «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.
Осы мерекеге орай Консультациялық көмекті «С.Ж.Асфендрияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ профессорлық-оқытушылық құрамы көрсетті:
- балалар кардиологы – профессор Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының м.ғ.к., профессор Нургалиева Жанар Женисовна
- балалар пульмонологы- профессор Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының м.ғ.д ., доцент Сейсебаева Роза Жакановна
- балалар пульмонологы Сагимова Райхан Шырынбаевна – профессор Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының
- балалар гастроэнтерологы- профессор Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының магистрі Рахметилдаева Гауһар Меметкуловна
- педиатр – Бокетова Бибигул Нусипхожаевна профессор Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ассистенті
- педиатр – Бекенова Алия Есболатовна – профессор Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ассистенті