«Абайлаңыздар: Диабет қасыңызда!» жобасы
«Қант диабеті» диагнозын қойған кезден бастап адамдардың басым көпшілігі өздеріне өлім жазасы кесілгендей ойлайды, бірақ, 2015 жылы қазан айында басталып, қоғамды диабет жайында мәліметтермен хабардар болуды күшейтуге бағытталған «Абайлаңыздар: диабет қасыңызда!» халықаралық жобасы, бұл дертпен өмір сүруге болатынын дәлелдеп берді.
Біздің университет бұл жобаға қатысу үшін,алдымен сұрыпталып таңдаудан өткен, кейін еріктілер бойынша арнайы тренингтен өткен ең таңдаулы үздік 130 еріктілерді дайындады. Бір жарым жылдың ішінде біздің студенттер қаланың 200 мектептерінде жұмыс істеді. Олар оқушылар мен мұғалімдерді қант деңгейін үнемі бақылауда ұстауды және дұрыс тамақтануды үйретті. Ең бастысы – үмітін үзбей, осы дертті басқаруды үйрену.
Бұл жобаны ұйымдастырушы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Диабеттік оқу-ағарту қоғамдық қоры мен Данияның НовоНордикс компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігі болды. Болашақ дәрігерлерді дайындайтындықтан еріктілер біздің университеттен таңдалды, сонымен қатар, бұл жобаға «Коммуникативтік дағдылар», «№ 3 ЖДТ», «ЖШМЖ» кафедраларының оқытушылары да қатысты. Жобаның іске асыруын үйлестіруші студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың студенттерді әлуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімі болды.
2017 жылы 7 сәуірде Даңқ залында жобаны жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, ерекше дараланған студенттерге алғыс хаттар мен жоба демеушілерінің атынан сыйлықтар тапсырылды.
Бұл жоба біздің студенттер үшін болашақ кәсіби жұмыстарында баға жетпес тәжірибе болды.
Жобаны жүзеге асыруда ат салысқан барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, жобаны ұйымдастырушылар «Диабеттік оқу-ағарту қоғамдық қоры мен Ново Нордикс компаниясына», Алматы қаласының мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында диабет жайында ағартушылық жұмыстарды жүргізіп, жобаға қатысқандары үшін университет еріктілері мен оқытушыларына ризашылықтарымызды білдіреміз. Барлықтарыңызға табыс және амандық-саулық тілейміз!