13-14 қазанда «Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар» халықаралық қатысуымен Республикалық ғылыми-практикалық, білім беру конференциясы өтеді
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, анестезиология және реаниматология кафедрасы 13.10.2022-14.10.2022 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында өтетін «Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар» халықаралық қатысуымен өтетін Республикалық ғылыми-практикалық, білім беру конференциясының жұмысына қатысуға шақыру құрметіне ие.
Конференция мақсаты: анестезиолог және реаниматолог дәрігерлердің күрделі жағдайларда пациенттерді диагностикалау, жүргізу және емдеу бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын жетілдіру.
Конференцияның негізгі бағыттары:
№1 секция: Анестезиология мен реаниматологиядағы құқықтық аспектілер. Резидентурада анестезиологтар мен реаниматологтарды даярлаудың өзекті мәселелері.
№2 секция: Анестезиологиядағы өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар.
№3 секция: Реаниматология мен қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар.
№4 секция: Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясындағы өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар.
№5 секция: Жас ғалымдар секциясы (интерндерге, резиденттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған секция).
Конференция барысында пленарлық отырысты, анестезиология және реаниматология бойынша ЖБТ отырысын, аталған бағыттар бойынша секциялық отырыстарды, ҚазҰМУ клиникалық базаларында анестезиология және реаниматология бойынша мастер-кластарды өткізу жоспарлануда.
Мақсатты аудитория: анестезиолог және реаниматолог дәрігерлер, балалар анестезиологтары мен реаниматологтары, трансфузиологтар, токсикологтар және аралас мамандық дәрігерлері.