18 наурыз – «Ұлттық киім күні»
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. №5 Қалалық клиникалық аурухананың базасында (ересектер және балалар жақ-бет хирургиясы бөлімшелерінде) кафедра қызметкерлері мен білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі киімін киіп, ұлттық құндылықтарды паш етті.
Іс-шараға қатысушылар:
Қызметкерлер: Менчишева Ю.А., Күрішжанова К.Р., Угланов Ж.Ш.
Білім алушылар: СТ21-30 тобының 4-курс студенттері («Жақ-бет жарақаттануы және онкостоматология негіздері» циклі) және «Жақ-бет хирургиясы» мамандығының 1, 2, 3-жыл резиденттері.
Шараның мақсаты — ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және мәдени бірегейлікті нығайту. Университет пен клиника қабырғасында ұлттық киім кию тарихи мұраға деген құрметтің айқын көрінісі болды.
Тәрбие жұмысына жауапты: Жақсылық Руслан Бауыржанұлы.





