2015 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНЫҢ 2-ШІ ЖҰЛДЫЗЫ КҮНІ «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА МЕН ВЛАДИМИР ИВАНИЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ» ӨТКІЗІЛДІ
2015 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНЫҢ 2-ШІ ЖҰЛДЫЗЫ КҮНІ «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА МЕН ВЛАДИМИР ИВАНИЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ» ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылдың ақпан айның 2-ші жұлдзында Этикалық кеңес («Тағзым»), фармацевтика факультетінің деканаты және «Фармацевт-токсиколог» модулінің ұйымдастырумен бүгінгі күнде республика деңгейінде аталып өтіпжатқан Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын атап өту мақсатында «Ұлы Отан соғысының батырлары Әлия Молдағұлова мен Владимир Иваниловты еске алу кешін» Университеттің әскери кафедрасының №149 аудиториясында өткізді.
Фармацевтика факультетінің деканы профессор У.М. Датхаев студенттерге жеңістің оңай келмегендігі, сонымен қатар соғыста ерлікпен қаза тапқан университетіміздің студенттері туралы көптеген мәліметтер айтып еске алу кешін ашып берді. («Тағзым») этикалық кеңесінің төрайымы Ж.Г. Мустафина «Ұлы отан соғысындағы қазақстандықтар» атап айтқанда 2 рет Кеңес одағының батыры атанған алған батырлар, қазақтың батыр қыздары туралы студенттермен сұхбаттаса отырып толықтай мәлімет берді. «Фармацевт-токсиколог» модулінің оқытушысы Г.А. Алдибекова жауынгерлерге рух беретін өлеңдер туралы мәліметтер айтып өтті. Келесі кезекте фармация мамандығының 2 курс студенті тақрыпқа арқау болып отырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы жалпы толықтай мәлімет берді. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенті Алдамжар Айнура университетіміздің студенті болған Владимир Иванилов туралы толықтай мәлімет беріп өтті. Фармация мамандығының 2 курс студенті Бағдатова Қымбат «Жекпе – жек» күйін орндады. Келесі кезекте Фармация мамандығының 2 курс студенттерінің орындауында «Отты жылдар» көрінісі көрсетілді. Жалғыз басты ананың 16 жасар жалғыз ұлының соғыстан оралмауы көрермендердің көзіне жас ұялатып «соғыс» сөзінің қаншалықты ауыр екендігін сезіндіргендей болды. Фарамцевтика өндірісі технологиясның 2 курс студенті Маликова Наргиза Ұлы отан соғысының 70-жылдығына арналған деректі фильмдерден үзінділер көрсетті. Кешті қорытындылау мақсатында 2 курс студенттері жеңіс әнін хормен орындады. Кешті Фармацевтика факультеті деканның орынбасары А.А. Жузенов қорытынды сөзімен аяқтады. Кеш соңында кітапхана қызметкерлерімен бірге ұйымдастырылған фотокөрмені тамашалап, естелік суретке түсті.
Ұйымдастырушылар: Этикалық кеңес («Тағзым»), фармацевтика факультетінің деканаты және «Фармацевт-токсиколог» модулі
Модераторлар: У.М. Датхаев, Г.А. Алдибекова
Қатысушылар: Фармацевтика факультетінің студенттері. Әскери кафедра. Кітапхана