2015 жылғы 19-21 қараша аралығында С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті «Медицина» мамандығы бойынша «АРТА» МеМ Сыртқы сараптау комиссиясының аккредиттеуінен өтуде (Фото)
2015 жылғы 19-21 қараша аралығында С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ-да «Медицина», «Фармация», «Фарм. өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура білім бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеу өткізілуде.
Осы уақытта университетте МБДФ қатысуымен екі Сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жасауда.
ССК құрамы:
Күзгібекова Алмагүль Болатқызы – Комиссия төрағасы
Zeynettin Kaya – Шетелдік сарапшы
Kazimierz Glowniak – Шетелдік сарапшы
Құсаинова Арман Сайлавбекқызы – Сарапшы
Ивасенко Светлана Александровна– Сарапшы
Торланова Ботагоз Онгаровна– Сарапшы
Зейнулина Зикамал Калидоловна – Жұмыс беруші
Ахметова Мадина – Жұмыс беруші
Савельева Дина – Студент
Абельсеит Кулбаев – Студент
Осикбаева Сания Омірханқызы – Студент
Аймурзиева Айгерім Үрінбайқызы – Агенттіктің бақылаушысы
ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов ССК Төрағасымен және мүшелерімен кездесіп, негізгі мәселелер талқыланды және комиссияның бағыты анықталды.
Бұдан соң Университеттің Даңқ Залында АРТА ССК мүшелерінің С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ басшылығымен, Ғылыми кеңес мүшелерімен, ОҚП және ӘБП-мен кездесуі өтті.
Айқан Ақанов комиссияны Университтің білім және ғылым саласында қол жеткізген негізгі жетістіктерін қысқаша шолып өтті және ССК мүшелерін таныстырды. Комиссия мүшелері ЖОО-ң терең тарихы мен жетістіктерін жоғары бағалады, Комиссия төрағасы Күзгібекова Алмагүл Болатқызы айтып өткендей: «Профессорлар-оқытушылар құрамы жоғары оқу орнының тарихында оның негізі мен мақтанышы екені тайға таңба басқандай».
ҚазҰМУ ұжымымен кездесуден соң комиссия ЖОО-нын «Медицина», яғни клиникалық кафедралар және «Фармация және Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бағыттары бойынша тексеру жүргізетін 2 топқа бөлінді.
ССК Төрағасының және мүшелерінің С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақановпен кездесуі:
АРТА ССК мүшелерінің С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ басшылығымен, ҒК мүшелерімен, ОҚП және ӘБП-мен кездесуі:
Анатомия кафедрасына бару:
Коммуникативтік дағдылар орталығына бару (КДО):
Офис-регистратор, Тестілеу орталығы: