2022 жылдың 21-қазанында Республика күніне арналған «Болашақ біздің қолымызда» атты студенттік форумның ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ ғылым жөніндегі проректор К.К Давлетовтың және ғылым департаментінің міндетін атқарушы А.Е. Тажиеваның, бас маман Г.Ш.Тойлыбаеваның ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21-қазанында Республика күніне арналған «Болашақ біздің қолымызда» атты студенттік форумның ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді ұялату, еліне-жеріне оның болашағына жауапты екенін сезіндіру арқылы отаншылдық сезімдерін күшейту. Конференцияға Университеттің студенттік ғылыми қоғамы, мектептері мен
факультеттерінің студенттері, резиденттері қатысты.
«Жаңа Қазақстандағы кәсәпкерлікті дамыту…», «Жаңа Қазақстандағы медицина саласының даму ерекшеліктері», «Жастар – жаңа Қазақстан болшағымыз» атты тақырыпта 25 баяндама, «Педиатрия» мектебінің ғылыми комитетінің төрайымы,
профессор Ж.Ж.Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Біз, жас маман-дәрігерлер, Қазақстанның болшағымыз» атты тақырыпта 10 баяндама тыңдалды.
..Қасым -Жомарт Тоқаев:
« Қазақстанның басты байлығы – Еліміздің азаматтары…
Сіздердің амандықтарыңыз – менің Президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі
тілегім…
Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру…» – деген, ендеше еліміздің болашағы,
денсаулығы, Жастар, Сіздердің қолдарыңызда екенін әрдайым есте сақтаңыздар!
25-қазан Республика күні баршаңызға құтты болсын!