2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 560 мың теңгені құрайды – ҚазҰМУ ректоры
Қазақ ұлттық медицина университетінде Медицина қызметкерлерінің мерекесін атап өту барысында университет ректоры Марат Шоранов медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру қажеттілігі туралы баса айтты. Атап айтқанда, жалақыны едәуір көтеру және медицина қызметкерлерін ынталандырудың кешенді жүйесін енгізу.
«Біз 2019 жылдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жұмыстарын бастадық. Біздің басты міндетіміз 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2,5 есеге дейін жеткізу, ол орта есеппен 560 мың теңгені құрайды».
Бүгінгі күннің сын-қатерлері медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін тұрақты түрде арттыруды, медицина қызметкерлерін ынталандырудың келесілерді қамтитын кешенді жүйесін енгізуді талап етеді:
1) кәсіби даму үшін тең мүмкіндіктер;
2) әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандарты;
3) медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды енгізу.
Бұл жағдайлар денсаулық сақтаудың негізгі миссиясы – медициналық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және азаматтардың сенімін қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылады. Біз үздіксіз медициналық білім беруге жеке қызығушылықты ынталандыруымыз қажет», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры.
Марат Шоранов осыған байланысты еліміздің кәсіби қауымдастықтары мен жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының рөлін жандандыру өте маңызды екенін атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесінің міндеті – еліміздің және әлемнің жетекші орталықтарында енгізілетін технологиялар республиканың барлық өңірлеріндегі халық үшін қолжетімді болуы қажет, деді ректор.
Дәрігер мамандығының қаржылық тартымдылығынан басқа елімізде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері атағын енгізу сынды басқа да жаңалықтар енгізілуде.