2023 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2023 жыл Қазақ ұлттық медицина университеті үшін жаңа ашылулар мен елеулі өзгерістер жылы болды. Университеттің студенттік бауырластығы 16 мыңға жуық студентке жетті, биыл студенттердің рекордтық саны қабылданды – ҚазҰМУ-ды 4 мыңға жуық үздіктердің үздігі таңдады. Университетімізге медициналық білім алу үшін әлемнің 30-дан астам елінен 3 мыңнан астам шетелдік студенттер келді. Биыл студенттердің жаңа легін ерекше жылы әрі көңілді қарсы алдық.
Биылғы жылдың маңызды шешімі университетіміздің 2024–2028 жылдарға арналған Даму бағдарламасының қабылдануы болды, онда көрсетілген уақыт аралығында атқарылуы тиіс барлық іс-шаралар қамтылған. Ал кейбір іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Студенттерге жайлылық – жатақханаларға ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді, сантехника, жиһаз және т.б. жөнделіп, жаңартылды. Қазір қалашықта және барлық оқу ғимараттарында интернетке қолжетімділік бар. Биыл біз студенттерге арналған жаңа жатақхана құрылысын және басқа да маңызды орындарды жаңартуды бастаймыз.
Бұл жұмыстардың барлығына студенттік үкімет белсенді түрде ат салысады. Биылғы жылы ұйым белсенділері 100-ден астам іс-шара өткізіп, университет өміріне бір жарым мыңға жуық студент белсенді қатысуда. Спорт, шығармашылық пен зияткерлік сайыстардағы жеңістер жүздеп саналады.
ҚазҰМУ-дың әлемдік аренадағы беделі айтарлықтай өсті. Биыл Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының отырысы өтті. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ондаған елдерден келген сарапшылар делегациясын қабылдады. Университет серіктес университеттермен белсенді өзара іс-әрекет жасайды, білім, медицина және ғылым саласындағы озық тәжірибелерді енгізу үшін әртүрлі шетелдік ұйымдармен берік байланыстар орнатылған.
2023 жыл ғылым әлеміндегі серпіліс, дәлірек айтсақ, оның трансформациялануы деп атауға болады. Жас ғалымдар үшін нағыз жаңалық ауқымды Asfen.Forum, жаңа ұрпақ болды. Платформа жас, дарынды және алғыр инноваторларға әлемді ашты. Әлемнің 20 елінің ғалымдары медицина әлеміндегі жақсы өнертабыстар мен жаңалықтарды ұсынды.
Биыл біз технопарк пен эндаумент-қор, коммерцияландыру реакторын құру арқылы ғылым, бизнес және мемлекет үшін тартылыс орны ретінде келешегіміздің іргесін қаладық. Қазан айында Qaz Innovations қолдауымен медициналық стартаптар мен инновациялық жобалардың Демодейін өткіздік. ҚазҰМУ эндаумент қоры қысқа мерзімде қомақты қаржы ресурстарын жинақтай алды және алғашқы ірі жоба – Балалардағы орфандық неврологиялық аурулардың құзыретті орталығын іске қосты. Сирек кездесетін патологиясы бар балаларға диагностика, терапия және операциялардан бастап оңалтуға дейінгі білікті көмек және жас науқастар мен олардың ата-аналарына қажетті қолдау көрсетілетін орын.
Дербестендірілген және профилактикалық медицинаны енгізудің Ұлттық бағдарламасын сәтті үйлестіру және жүзеге асыру арқылы қазақстандық медицина ғылымының көшбасшысы мәртебесін тағы да растадық. Ауқымды жоба үш жыл ішінде жүзеге асырылды және биыл қорытындыланды, енді ғалымдардың ғылыми зерттеулері медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілуі мүмкін. 2023 жылы ғылымдағы барлық жетістіктері үшін қызметкер Ильдар Фахрадиев жоғары марапат – «Алтын Шипагер» ұлттық медициналық сыйлығымен марапатталды.
Биылғы жылы университеттік клиникалар да айтулы оқиғалар орын алды. «Ақсай» балалар емханасында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп, бірнеше ауқымды әрі бірегей жобалар жүзеге асырылды. Қазақстанда алғаш рет дәрігерлеріміз ресейлік әріптестерімен бірге халық арасында көбелек синдромы деп аталатын сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан балаларға саусақтарын ажырату үшін операция жасады. Сондай-ақ, елімізде алғаш рет ахондроплазиямен ауыратын балалар бірегей және қымбат терапия алды. Сүйектің өсуін ынталандыратын қымбат инъекцияларды «Қазақстан халқына» қоры сатып алып, терапияны «Ақсай» балалар емханасында жүргізді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры да қолдау көрсеткен көздің қасаң қабығын трансплантациялау бойынша операциялардың ауқымды сериясы жыл жаңалығы болды. Биыл біз маңызды көру мүшесін трансплантациялауды бастадық, 60-тан астам науқас айықтырылды. Дәрігерлеріміз стоматологиялық емханада тегін кеңестер мен ашық есік күндерін өткізді. Ал симуляциялық орталықтың жаттықтырушылары Алматыдағы ірі емханалардағы тәжірибелі дәрігерлерге білім беріп, біліктілігін арттыра бастады.
Біз тек студенттік бауырластықты ғана емес, сонымен қатар ҚазҰМУ түлектерін біріктіретін ұрпақтар сабақтастығын қолдаймыз. Университет түлектерінің қауымдастығына бүгінде мыңдаған танымал медициналық клиникалар, ауруханалар мен емханалар басшылары, саясаткерлер мен бизнесмендер бар.