2025 жылы Чунань университетінің медициналық орталығында және HyundaiMed ауруханасында (Оңтүстік Корея) ҚазҰМУ профессорлық-оқытушылық құрамына арналған тағылымдама
2025 жылы Чунань университетінің медициналық орталығында және HyundaiMed ауруханасында (Оңтүстік Корея) тағылымдамадан өтуге үміткерлерді іріктеуга байқау жарияланады.
Тағылымдама бағыттары:
– ортопедия – 1 адам
– хирургия – 1 адам
– реаниматология – 1 адам
– кардиология – 1 адам
– неврология (инсульт) – 1 адам
– реабилитациялық медицина – 1 адам
Тағылымдама кестесі:
– 1 кезең (2 дәрігер): 16.04.2025. – 18.07.2025.
– 2 кезең (4 дәрігер): 05.08.2025. – 05.12.2025.
Талаптар:
– ҚазҰМУ кафедрасының штаттық қызметкері (негізгі жұмыс орны бойынша толық ставка)
– қолданыстағы маман сертификатының болуы (тағылымдама бағыттарына сәйкес)
– жасы 45-ке дейін болуы керек
Преференциялар:
– екі жаққа да авиабилеттерді төлеу, тұру және тамақтану шығындары шақырушы тараптың есебінен төленеді.
Кандидаттардың түйіндемелері 2025 жылғы 13 ақпанда сағат 12.00-ге дейін [email protected] электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.
Сұрақтар бойынша АРДД персоналды дамыту басқармасының менеджері Баймуратова Ақбота Темірланқызына 87018122053 телефоны немесе ішкі телефон 7024 арқылы хабарласуға болады (Алматы қ., Төле би к-сі, 94, 104 каб.)
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/2025-жылы-чунань-университетінің-медицин/