2026 жылғы түлектермен мемлекеттік грант бойынша еңбек өтеліміне қатысты ақпараттық кездесу
2026 жылғы түлектермен мемлекеттік білім беру гранты бойынша міндетті еңбек өтелімін орындау, бөлу тәртібі, міндетті өтелімнен босату және «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Кездесуге қатысқандар:
• Университеттің проректоры – У.М. Датхаев;
• Білім алушыларды дамыту және қолдау департаментінің директоры – Ш. Р. Шермет;
• Декандар мен декан орынбасарлары, деканат қызметкерлері;
• Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері;
• «Қаржы орталығы» АҚ өкілі – А. Тыныбеков.
Кездесуге 2026 жылғы шамамен 789 түлек қатысты, оның ішінде:
• Бакалавриат – 370 адам, соның ішінде:
352 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша;
18 – «Фармация» мамандығы бойынша;
• Интернатура – 306 адам, соның ішінде:
157 – «Жалпы медицина»;
137 – «Педиатрия»;
12 – Халықаралық факультет;
• Резидентура – 113 адам.
Кездесуді проректор У.М. Датхаев құттықтау сөзімен ашып, мемлекеттік білім беру гранты мен ауылдық квота негізінде оқуды аяқтап жатқан түлектер үшін іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Ж.Т. Қашағанова түлектерді жұмысқа орналастыру тәртібі, міндетті еңбек өтелімінен босатылатын тұлғалар санаттары, сондай-ақ орталықтың түлектерге жұмыс табуда көрсететін қолдау шаралары туралы ақпарат берді.
«Қаржы орталығы» АҚ өкілі А. Тыныбеков міндетті үш жылдық еңбек өтелімін бақылау және мониторингтеу тетіктері, жұмысқа орналасу туралы хабарлау ережелері және 1414 жүйесі арқылы түлектермен өзара іс-қимыл тәртібі жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында түлектер белсенділік танытып, келесі бағыттар бойынша сұрақтар қойды:
• міндетті еңбек өтелімінен босату тәртібі мен шарттары;
• еңбек қызметін есепке алу және растау тәртібі;
• жұмыс орнын (мемлекеттік немесе жекеменшік ұйым) таңдау мүмкіндігі;
• 1414 жүйесі арқылы хабарлау рәсімі;
• еңбек өтелімінен бас тартқан жағдайда жауапкершілік және қаражатты қайтару тәртібі.
Кездесу конструктивті және ашық түрде өтті. Түлектер мемлекеттік грант бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты нормативтік-құқықтық база мен практикалық мәселелер бойынша толық түсініктемелер алды.
Ұсыныстар:
• түлектерді факультет деңгейінде ақпараттандыруды жалғастыру;
• Мансап және жұмысқа орналастыру орталығында қосымша жеке кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру;
• ақпарат алмасуды уақтылы қамтамасыз ету мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара іс-қимылды күшейту.









