2026–2027 оқу жылына студенттік жатақханадан орын алуға өтінім қабылдау басталды
Құрметті ҚазҰМУ білім алушылары!
2026–2027 оқу жылына студенттік жатақханадан орын алуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
«Platonus» ақпараттық жүйесінің «Жатақхана» модулі арқылы беру қажет. Сондай-ақ, өтініш беру туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық бар (қажет болса, оны алдын-ала тексеріп алыңыз).
Әлеуметтік өлшемшарттарды қараудың басымдықтары жатақханадағы орындарды бөлу туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады (Ережемен университеттің ресми сайтында танысуға болады).
Өтінімді уақытылы рәсімдеп, енгізілген мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексерулеріңізді сұраймыз.


