2,5 миллион теңге жеңілдікпен несиелер, тұрғын үй жалдау төлемі – ҚазҰМУ түлектеріне Солтүстік Қазақстан облысына жұмысқа барса тағы қандай көмек көрсетілмек?
Қазақстан – орасан зор ел, бірақ әр өңір тұрғындарының саны біркелкі емес. Дәстүр бойынша Отанымыздың оңтүстігінде халық тығыз, ал солтүстік облыстарда тұрғындар сирек қоныстанған. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанда «Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы аясында қоныс аудару бағдарламасы жұмыс істейді. Оңтүстіктің отбасыларына немесе жалғызбасты тұрғындарына материалдық қолдау, баспана және жұмыс іздеуге көмек ұсынылады.
Дәрігерлерге қатысты шарттар әлдеқайда тартымдырақ! Жақында Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері келіп қайтты. Аурухана басшылары мен өңірдің денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бірнеше ірі Денсаулық сақтау нысандарын салудың ауқымды жоспарлары, облыста қандай мамандар тапшы, ең бастысы – Қазақстанның солтүстігіне науқастарды емдеуге барған дипломы бар мамандарға қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтып берді.
Сонымен, егер дәрігер облыс орталығы – Петропавл қаласына жұмыс істеуге баратын болса, онда автоматты түрде облыстық бюджет қаражатынан 1 500 000 теңге жәрдемақы алады, дәрігер жұмысқа орналасатын медициналық ұйымнан 1 миллион теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар облыс әкімдігі 5 жылға дейін жалға берілетін тұрғын үй құнының 50% төлеуге немесе тегін баспана беруге дайын. Әрине, мұның барлығы медицина ұйымының дәстүрлі еңбекақысынан басқа лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақылар, бонустар, сыйақылар. Мұның бәріне қоса Қазақстанда немесе шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өту мүмкіндігі де жағымды жәйт болмақ! Әрине, бұл да медициналық ұйымның есебінен болады.
Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына жұмыс жасауға баратын дипломы бар дәрігерлер үшін жағдай одан да қуантарлық. Ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасу дәрігерлерге жергілікті атқарушы орган бюджеті есебінен 2 500 000 теңге, медициналық ұйымның қаражатынан 1000000 теңге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қатысқаны үшін 306 300 теңге жәрдемақы береді, ведомстволық тұрғын үй немесе жалға алынған тұрғын үй құнының 50% және еңбекақысына 25% үстемеақы төленеді. Сондай-ақ, медициналық ұйым есебінен біліктілікті арттыру, 5 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болады.
Жалпы өңірде 200-ге жуық түрлі мамандандырылған медицина мамандарының тапшылығы бар. Толық тізімімен слайдтардан таныса аласыздар.
2022 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алған 2564 маман тәмамдады. Үкіметтің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына сәйкес 423 (23,6%) түлек міндетті жұмыс өтілінен босатылды, 394 (22%) түлек магистратурада, резидентурада, докторантурада оқуын жалғастырды. 952(53%) түлек Республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта денсаулық пен отбасылық жағдайларға байланысты 24 (1,4%) түлек уақытша жұмысқа орналаспаған.
2022 жылы 4 түлек Солтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелеріне жұмысқа орналастырылды, атап айтсақ, облыстық көпсалалы балалар ауруханасында 2 түлек, бірінші қалалық ауруханада 1 түлек, №1 қалалық емханада 1 түлек қызмет атқаруда.
2022-2023 оқу жылында университетті 2441 жуық түлек тәмамдайды.
Жалпы медицина мамандығы бойынша – 787
Стоматология мамандығы бойынша – 188
Резидентура мамандықтары бойынша – 505Магистратура мамандықтары бойынша – 119
Докторантура мамандықтары бойынша – 55
Мейірбике ісі мамандығы бойынша -180
Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша – 46
Фармация мамандығы бойынша- 89
Фармацевтикалық технология мамандығы бойынша-472
Сонымен қатар, 2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан келген 10 білім алушы оқуын тәмамдайды.