2564 шаршы метр – дәрігерлерге арналған үздік оқыту орталығы
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2020 жылы симуляциялық орталықта ауқымды жаңартулар жасады — бұл жерде жаңа технологиялардың көмегімен жас дәрігерлерді робот-симуляторларда пациенттермен жұмыс істеуге дайындайды.
Симуляциялық орталықтың жалпы ауданы 2564 шаршы метрді құрайды. Онда 55 бөлме, оның ішінде 44 оқу бөлмесі бар, олардың ішінде педиатрия блогы, хирургия блогы, акушерия және гинекология блогы, терапевтік блок, жедел және шұғыл көмек және жалпы кабинеттер, дебрифинг кабинеттері бар. Жабдықтардың жалпы саны 550 бірлікті құрайды, оның ішінде — 50 бірлік интерактивті және жоғары технологиялық медициналық оқыту жабдығы.
Күн сайын орталықты әртүрлі мамандықтағы 400 жуық студент пайдаланады. Орталық базасында 1 курстан 5 курстарға дейінгі студенттер, интерндер, сондай-ақ резиденттер білім алады, жалпы медицинаның 5 және 7 курстарының ҚМА дайындық жүргізіледі.
Орталық ақпараттық панелі бар компьютерлік сыныпты, интерактивті дәрістер өткізуге арналған мультимедиялық проекторы бар оқу аудиторияларын және демонстрациялық-жаттығу сыныптарын қамтиды.