28 ақпан Невада-Семей ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының ашылу күні
2020 жылдың 28 ақпанында Этика Кеңесінің қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау мектебімен бірлесе отырып АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов құрған «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының ашылу күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты жас ұрпақты антиядролық қозғалыс жылнамаларымен, жетістіктер хронологиясымен, ЮНЕСКО-ның әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде жариялаған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ерекше маңыздылығымен таныстыру болды.
Алғашқы сөз этикалық кеңестің төрағасы проф. Г.Мустафина берілді, антиядролық қозғалыстың қозғалыс оқиғалардың даму хронологиясымен бөлісті. Ол сондай-ақ қозғалыс бастамашылары О.Сүлейменов пен М.Әуезовтің жеке естеліктерімен бөлісті, олардың негізгі ұстанымы – ядролық қарусыз әлем туралы тұжырымдама жасады, оның тұжырымдамасы тек қатысушы елдерде ғана емес, сонымен бірге болашақта жаһандық масштабта ядролық сынақ полигондарының жабылуына оң ықпал еткені жайлы сыр шертті. Бір қызығы, бұл қозғалыстың алғашқы және ең белсенді қатысушылары медициналық ғалымдар, ҚазҰМУ түлектері болды.
Факультеттің аға кураторы Бейсенбинов Ж.Б. «Біз жарқын болашақты қолдаймыз» тақырыбында студенттерге осы құрылған Невада-Семей ядролық қаруға қарсы қозғалысы полигонының жабу үшін құрылғанын; осы қозғалыстың нәтижесінде белсенділер халықпен бірігіп, 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізілген полигонды жаба алғандығын; сонымен бірге Невада-Семей қозғалысы өз қызметін жалғастырып, одан әрі кеңейе түскендігін; бүгінде әлеуметтік белсенділер зардап шеккен халықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы туралы баяндады.
Кафедраның оқу ісінің меңгерушісі Г.А. Бегімбетова университетте 8 жыл ішінде осы тақырып бойынша атқарылған іс-шаралар – ғылыми-практикалық конференциялар, республикалық, университет, факультет деңгейінде дөңгелек үстелдер туралы айтты.
Доцент Шахиев А.М. бұл күннің маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар проф. Мұстафина Ж.Г. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының алғашқы митингісіне қатысушыларының бірі ретінде, сонымен қатар университет студенттерімен өткізілген көптеген маңызды тәрбиелік жұмыстар үшін алғыс жариялады.
Сонымен қатар студенттер осы тақырып жөнінде өз ойларымен бөлісіп және бұл күннің болашақтағы жас ұрпақ үшін ұмытылмас күндердің бірі екенін айта өтті.
Кураторлық сағатқа Қоғамдық денсаулық сақтау, Жалпы медицина факультеттерінің 3 курс студенттері, сонымен қатар Астана медициналық академиясының «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Студенттер әлемде алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылған қоғамдық қозғалыс КСРО мен АҚШ-тың ядролық сынақтарын тоқтатып, полигондарды толығымен жауып тастағаны туралы құнды ақпарат алды.
Сонымен қатар студенттер ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Семей полигоны Қазақстанның ядролық қасіреті» көрмесімен танысты.