3032 студент білім алу үшін Қазақ ұлттық медицина университетін таңдады
2023-2024 оқу жылында Қазақ ұлттық медицина университеті танымал университет болып қала береді. 31 тамыздағы деректерге сәйкес университетке 3032 студент қабылданды, олардың 2638 бакалавр, 375 магистр және 19 докторантура.
Талапкерлердің басым бөлігі «Медицина» мамандығын таңдаған – 1094 адам, саны жағынан екінші орында – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» – 525, ал үшінші орында – «Стоматология» – 410 адам. Биыл «Мейірбике ісі» мамандығы жақсы толықты. Аталған қысқартылған бағдарлама бойынша 298 студент білім алады. Сонымен қатар ҚазҰМУ-ға 137 болашақ педиатр оқуға түсті.
Магистранттар арасында ең танымал мамандықтар «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» және «Медициналық-профилактикалық іс». Сондай-ақ Университетке «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ғылымы», «Фармация» және «фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша 19 докторант қабылданды.
Бакалавр бойынша мейірбике ісі (оның ішінде жеделдетілген оқу мерзімі – 10 айдан 2 жылға дейін), педиатрия, фармация (оның ішінде жеделдетілген оқу мерзімі), қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, менеджмент және басқару, стоматология, фармация технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология бағдарламалары оқытылады.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ-да 28 магистратура, 5 докторантура және 47 резидентура мамандықтары бар.