«Ата салты аманат»
С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университетінің Химия кафедрасының доценттері: А.А.Алмабекова, Н.В.Нечепуренко, Э.К.Карлова, А.А.Жұртбаева және лекторы Г.А.Қағазбекованың ұйымдастыруларымен 29 наурыз 2024 жылы «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс 23-008, 23-009, 23-045 топ студенттері арасында «Ата салты аманат» тақырыбында, Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріатейтін тәрбиелік іс-шара өткізді.
Жұмыр жердің бетін мекендеген адам баласы көптеген ұлттардан құралатынын жақсы білеміз. Әр ұлттың өзіне тән ортақ құндылықтары мен ерекше белгілері болады, оны ғасырлардан ғасырларға созылған замана көшіндегі бір ұлттың сенім нанымы мен тұрмыс тіршілігі қалыптастырады. Қазақ халқының да ұлы дала төсіндегі өмір соқпағы, бірегей ұлттық құндылықтарымызды тудырды. Өркениеттер қақтығысы кұшейген ғасырда, салт-дәстүрді ұрпаққа дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды қорғауымыз керек.
Мақсаты: Білім алушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру.Тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру. Білім алушыларға бесік туралы түсінік беру және жасалу жолдарын, бесік маңызын түсіндіру. Бесікке салу рәсімінің салт – саналық, тәрбиелік тәлімдік ережелерін, ұлағатты қасиеттерінің мәнін үйрету. Қыз балаларға ана міндеті, нәресте киімін тігу әдістерімен таныстыру. Ұлттық салт – дәстүрдегі ізгіліктер мен жақсылықтарды жаңғыртып, жалғастыруға, барды бағалауға үйрету. Бала дүниеге келгендегі ырымдар мен тыйымдарды үйрете отырып, балаларды халық мұраларын білуге, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында студентер ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында сахналық қойылым жасады,шараның басынан-аяғына дейін ұлттық салт-дәстүріміздің мәйегі сақталған қазақ ауылдарын көрсетіп, әрбір әдет-ғұрыптың тәрбиелілік мәнін, өміршеңдігін таныстырды. Іс –шара барысында әр топ өзіне берілген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындады. Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүрдің бірі – шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндеттеу, қонақжайлылық, қыз ұзату, көрісу бұл салттардың адам өмірінде ерекше маңызға ие екендігін көреременге жеткізе білді. Қазақ ежелден қыз баласын құрметтеп, оң жақтан орын берген халықпыз. Қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі екендігін насихаттау, салтын өте жоғары деңгейде сахналады.
Іс- шара: сұрақ-жауап, пікірлесу, салт-дәстүрге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөздер,салт-дәстүрлер туралы әңгімелесу, интерактивті тақтадан «қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты презентация көрсету арқылы, іс- шара тақырыбы ашылып, мақсаты айқындалды.
Қорыта айтқанда халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Бүгінгі іс-шараның тақырыбын: «Ата салты аманат» – деп алған себебіміз – өз халқымыздың салт – дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, мәртебесін көтеру. Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата – бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман – есен жеткізу – біздің міндетіміз. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін ұстанғандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт – дәстүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.