45 жасқа дейінгі профессор-оқытушылар құрамын оқытуға конкурс
Адам ресурстарын дамыту департаменті «Шетелде оқудан немесе тағылымдамадан өткен 45 жасқа дейінгі ПОҚ үлесі» 16-тармағын іске асыру шеңберінде, оның ішінде «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасының «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде TOBB ETÜ Анкара қаласында (Түркия) келесі бағыттар бойынша ұйымдастырған 1 оқытушыны оқытуға конкурс жариялайды (университет қаражаты есебінен):
| № | Бағыт |
| 1. | ішкі аурулар |
| 2. | хирургиялық аурулар |
| 3. | инфекциялық және тропикалық аурулар |
| 4. | пульмонология |
| 5. | клиникалық генетика курсы бар акушерлік және гинекология |
| 6. | урология |
| 7. | эндокринология |
| 8. | нефрология |
| 9. | анестезиология және реаниматология |
| 10. | оториноларингология |
| 11. | офтальмология |
Оқыту 10 күн ішінде өтеді, бағдарлама түрік немесе ағылшын тілдерінде күндізгі форматты, дәріс және практикалық сабақтарды қарастырады.
Шетелде оқу/тағылымдамадан өту үшін іріктеу критерийлері:
- қызметкердің жасы-45 жасқа дейін
- университеттегі жұмыс өтілі – 3 және одан да көп жыл (негізгі жұмыс орны бойынша);
- PhD ғылыми /академиялық дәрежесінің болуы (дұрысы);
- мемлекеттік (дұрысы) және ағылшын (міндетті) тілдерін білу;
5) ғылыми жарияланымдардың болуы.
Құжаттар 2025 жылғы 25 қарашаға дейін 104-кабинетте (ректорат) қабылданады:
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Кадрлар бөлімінен (105-кабинет) лауазымы мен еңбек өтілі көрсетілген анықтама
- Ғылыми / академиялық дәрежесі PhD бар екендігін растайтын дипломның көшірмесі (бар болған жағдайда)
- Ағылшын / түрік тілін меңгергені жайлы сертификат (бар болған жағдайда)
Барлық сұрақтар бойынша 7021 телефоны бойынша хабарласуға болады – Абылгазина Айгуль Есимжановна


