ҚазҰМУ-да РҒА академигі Александр Скоромецтің дәрісі өтеді
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлерді, студенттерді, резиденттерді, аспиранттарды, сондай-ақ тәжірибелі дәрігерлерді кеңес және ресей неврология мектебінің көрнекті өкілі, көрнекті ғалым-невропатологтың актілік дәрісіне қатысуға құрметпен шақырады.
Александр Анисимович Скоромец, Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің неврология кафедрасын ұзақ жылдар басқарған.
Күні: 2025 жылғы 9 қыркүйек
Уақыты: 10:00 – 13:00
Өтетін орны: №7 оқу корпусы, «Академиктер залы», С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы